Спорт • 08 Сәуір, 2019

Футбол: Месси тағы бір рекордты жаңартты

875 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Испания Премьер-лигасының «Барселона» мен «Атлетико» арасындағы матчта католониялық клубтың сапындағы аргентиналық шабуылшы Лионель Месси тағы бір рекордты жаңартты.

Футбол: Месси тағы бір рекордты жаңартты

«Барселона» сапында Месси 335-ші ойында жеңіске жетті. Бұл – Испания чемпионатындағы жаңа рекорд! Бұған дейін әйгілі қақпашы Икер Касильяс Мадридтің «Реал» клубы құрамында 334 мәрте жеңіс тойын тойлаған болатын.   


Естеріңізге сала кетейік, Барселонаның әйгілі «Нау Камп» стадионында Мадиридтің «Атлетикосына» қарсы кездесуде жергілікті команда 2:0 есебімен ұтты. Бұл бәсекенің 85 және 87 минуттарында Луис Суарес пен Лионель Месси гол соқты.

Сонымен қатар, Месси Испания чемпионаты тарихындағы сұрмергендер көшін жеке-дара бастап келеді. Аргентиналық шабуылшы қарсыластар қақпасын 415 мәрте дәл көздеді. Екінші орында тұрған Криштиану Роналдудан ол 104 гол артық салған екен.