Соңғы бәсекені Нұр-Сұлтанның командасы «Алматы легионына» қарсы өткізді. Бұл тартыста 84:62 есебімен алғашқылары жеңіске жетті. Осылайша, «Астана» биылғы маусымда да Қазақстан кубогының иегері атанса, алматылықтар соңғы орында қалып қойды.
Күміс медальді Қостанайдың «Тобылы» күні бұрын иеленсе, үшінші орын үшін тартыс «Атырау Барыстары» мен Көкшетаудың «Синегорье» арасында өтті. Бұл бәсекеде Батыс өңірінен келген баскетболшылардың мерейі үстем болды. Есеп – 78:76. Осы жеңістің арқасында атыраулықтар қола медальді иеленді.
Ел кубогының қорытындысы бойынша ең үздік бес ойыншы анықталды. Осы аталым бойынша Антон Быков («Тобыл», Қостанай), Дмитрий Гаврилов («Астана», Нұр-Сұлтан), Роберт Пан («Тобыл», Қостанай), Владимир Иванов («Атырау Барыстары», Атырау) және Рустам Мұрзағалиев («Астана», Нұр-Сұлтан) арнайы сыйлықтармен марапатталды.