Спорт • 08 Сәуір, 2019

Су добы: Қазақстанның қарсыластары анықталды

1343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылдың 12-28 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының жалауы желбірейді.

Су добы: Қазақстанның қарсыластары анықталды

Айтулы жарыста су добынан Қазақстан құрамасы қай елдің өкілдерімен күш сынасатыны белгілі болды. Біздің спортшылар «С» тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз ­– Куба, Грекия және Испания ватерполшылары. Өзге топтардағы бәсекелер мына командалар арасында өтеді: «А» тобы – Оңтүстік Африка Республикасы, Голландия, АҚШ және Жаңа Зеландия. «В» тобы – Ресей, Канада, Венгрия және Оңтүстік Корея. «D» — тобы – Италия, Жапония, Қытай және Австралия.

Осының алдындағы әлем чемпионаты 2017 жылы Венгрияның бас шаһары – Будапеште өтті. Әйелдер арасындағы бәсекеде АҚШ-тың арулары алтыннан алқа тағынса, күміс және қола медальді Испания мен Ресей иеленді. Ерлер сайысында Хорватия топ жарса, Венгрия мен Сербия құрамалары екінші және үшінші орындарды еншіледі.  

Соңғы жаңалықтар