Өкіншіке қарай, өзге балуандарымыз ешқайсысы табысты өнер көрсетен жоқ. Анадолы еліне сапар шекккендер арасынан Ерсұлтан Мұзапаровтың жүлде алуына жақсы мүмкіндігі болды. Бастапқы бәсекелерде ливиялық Мұхаммедисса Енаас, бразилиялық Рафаэль Македо және финлияндылық Аату Лааманенді ұтқан қандасымыз одан кейінгі екі белдесуде Израиль мен Сербия өкілдерінен ұтылып, жеңіс тұғырына көтеріле алмады.
Түркиядағы жарыстың ерлер сайысында Елдос Сметовтен бөлек, мына балуандар жеңімпаз атанды: 66 кило – Денис Виеру (Молдова), 73 кило – Ан Шангрим (Оңтүстік Корея), 81 кило – Лука Майсурадзе (Грузия), 90 кило – Микаил Өзерлер (Түркия), 100 кило – Александр Иддир және +100 кило – Рой Майер (Голландия).