Спорт • 08 Сәуір, 2019

«Mongolia Open-2019»: Отандық балуандар халықаралық сыннан 4 медаль жеңіп алды

932 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда еркін және әйелдер күресінен «Mongolia Open-2019» турнирі аяқталып, Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

«Mongolia Open-2019»: Отандық балуандар халықаралық сыннан 4 медаль жеңіп алды


61 келідегі Владимир Кудрин финалға дейін сүрінбей, ақтық сында үш дүркін Ресей чемпионы, Еуропа ойындарының жеңімпазы Александр Богомоевқа есе жіберді. 

Еркін күрестен 79 келі салмақтағы финалдық сында екі қазақ балуаны кездесті. Айдар Балданбаев пен Жігер Закиров арасындағы белдесуде Балданбаев жеңіске жетті. Ал Закиров жарақатынан соң енді бабына еніп келеді.

Ал әйелдер күресінен сынға түскен Эльмира Сыздықова (76 келі) қола жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, еркін және әйелдер күресінен команданың негізгі бөлігі Қытайда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.