«Бұл рейтингті турнир жақын әрі алыс шетелдерден келген қатысушыларға жақсы таныс. Кеше біз балалар арасында 640 адам жинап рекорд орнаттық, ал, бүгін ересектер арасында 250-ден астам спортшы жинадық. Осындай көрсеткіш бізді өте қуантады. Біздің Қазақстан құрамасы қазір Абу-Даби қаласында бразилиялық джиу-джитсудан болатын әлем чемпионатына дайындық үстінде. Жарыс сәуірдің 21-26 аралығында өтеді, ал артынша олар мамырдың 10-14 күндері әуесқойлар арасындағы грэплингтен (АИГА) өтетін турнирге Жапонияға аттанады», - дейді Қазақстандық бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг федерациясының халықаралық қатынастар вице-президенті Ақмарал Қанатбаева.
Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл жарыстың қатысушылары алдағы уақытта өтетін халықаралық жарыстарға дайындалып жатыр.
Екі күнге жалғасқан айтулы турнир кез келген қатысушылар арасында ABB Arena-да IBJJF халықаралық федерация ережесіне сәйкес өткізілді. Оның басты мақсаты елімізде джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.
Тартысты бәсекеде табысты өнер көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталды. Жарыстың толық нәтижелерін smoothcomp.com сайтынан көруге болады.
АЛМАТЫ