Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Көкжайлау курортының құрылысы кейінге шегерілмек

1520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек қоғамдық кеңес отырысында Көкжайлау шипажайы жобасының құрылысы қайта өңдеу мақсатында кейінге шегерілуі мүмкін екендігін айтты.

Көкжайлау курортының құрылысы кейінге шегерілмек

Қала маңы курорттарына келетін туристердің жыл сайын артып келеді. Өткен жылы Медеу, Шымбұлақ курорттары күніне сегіз мыңға жуық адам қабылдаған. Мұндай жағдайда жылына 2 миллиард доллар табыс табуға болады. Ал Көкжайлау жаңа тұжырымдамаға сәйкес халықаралық емес, қалалық курорт ретінде келушілерге белгілі бір мезгілде ғана емес, жыл бойы қызмет ететін болады. Қоршаған ортаға залал келтірмеудің алғышарттары жасалып, 100 гектар аумақ Іле Алатау ұлттық саябағына қайтарылған. 

«Жобан әлі де жетілдіруді қажет етеді, әрі біртіндеп жүзеге аса бастайды. Қазіргі кезде қала басшылығы үшін қоғамдық пікірді тыңдау маңызды. Жобаны жүзеге асыруда қаржының басым көпшілігі жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуы бюджет шығындарын азайтады. Жобаға салынуға тиіс қаражат басқа маңызды қалалық бағдарламаларға бөлінеді, деп атап өтті қала басшысы. 


Қала әкімдігінің Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Туристер санының артуы турагенттіктер, мейрамханалар мен  қонақүйлер көрсеткішіне  де әсер ететіні сөзсіз. Алматыдағы кез келген кішігірім кафе 20-30 шақты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Туризм - ерекше біліктілікті қажет етпейтін сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Өткен жылы еліміздегі туризм 40 пайызға артқан.