Руханият • 08 Сәуір, 2019

Амангелді Бейсеуовтің «Естелік» атты кітабының тұсаукесері өтеді

1250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың 10 сәуір күні, сағат 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Амангелді Бейсеуовтің «Естелiк – Память» кітабының тұсаукесері өтеді.

Амангелді Бейсеуовтің «Естелік» атты кітабының тұсаукесері өтеді

Амангелді  Бейсеуов 1941 жылы Алматы облысы, Жамбыл  ауданы, Қарғалы кентінде дүниеге келген. Ол Алматыдағы Халық шаруашылығы институтын бітірген. Мәскеудегі КСРО Министрлер кеңесінің жанындағы ШӘО Интурист курсын үздік бағамен тәмамдаған.

Белгілі блогер, қоғам қайраткері, қоғамдық тамақтану ардагері, «Қазақстан» мейрамханасында «Интурист» жүйесінде, «Медеу» мейрамханасының директоры қызметін атқарған, «Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Өзінің күллі өмірін мейрамхана бизнесіне арнаған.  

Амангелді Смағұлұлы – белсенді ұзақ өмір сүрудің жақтаушысы  және өзінің 78 жасында спортпен шұғылданады. Кітап жазады, жеке Facebook парақшасымен салауатты өмір сүру салтын жүргізеді және біздің қоғамымыздағы егде адамдарды қоғамнан шеттетуге қарсы күреседі. Өзінің істері арқылы, ол жастар секілді егде адамдардың да үнемі оқып, дами алатынын дәлелдейді және осындай белсенді өмірлік көзқарас жасы үлкен адамдардың ұзақ өмір сүруіне себепкер болады деген пікірде.

 – Ұсынылғалы отырған кітап оқырманға 60-70-ші жылдардағы біздің қаламыздың таңғажайып уақыты, сталиндік ампир социалистік модернизмге алмасқаны туралы, халық ішінде «Министрлік» деп аталатын атақты «Алма-Ата» мейрамханалары туралы, себебі онда жоғары дәрежелі жетекшілер, академиктер және «көлденең пайдалары» бар адамдар, Мәскеудің «Метрополь» мейрамханасындағы тағылымдама, сүйікті балалар мен туыстар, сондай-ақ «Құс етінен жасалған жульен» сияқты ғажайып тағамды қалай жасауға болатыны туралы баяндайды. Қонақжайлылық, мейрамхана ұлттық тағамдары тақырыбы үнемі өзекті болып табылады және Амангелді Смағұлұлының кітабынан туризм саласының жас менеджерлері мен студенттері өздері үшін көп нәрсені үйрене алады. Алма-Ата мен Алматыға ондаған жылдар бойы көптеген шетелдік қонақтар келіп жүрді, қазірде солай. Интурист кезеңінде біздің ата-бабаларымыз бұл салада қалай жұмыс істеді, олар Қазақстанды қалай таныстырды және бұл атақты интуристке қалай сый көрсетті? Өмірлік табыстың маңызды кепілі ретінде, берік отбасы тақырыбы «Естелiк – Память» кітабында ең маңызды орынға ие – дейді музейдің баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева.