19 Сәуір, 2012

Кеденшіге де кәсібилік қажет

3 мин
оқу үшін

Кеденшіге де кәсібилік қажет

Бейсенбі, 19 сәуір 2012 7:52

Қазақстан әлем елдерінің бар­лығымен дерлік іскерлік бай­ла­ныс жасайды. Елімізден экс­порт­қа шығарылатын тауарлар қатары көбейді. Соған орай им­порт­тық тауарлар тұтынушы сұ­ранысына сай елімізге ағыла түсуде. Ал Қазақстанға іскерлік байланыспен, туристік сапарлармен келетін шетелдіктердің шо­ғы­ры да жыл сайын көбеюде. Ел аумағымен Еуропадан Ресейге, Орталық Азия елдеріне баратын тран­зитті жолаушылар және бар. Сол шетелдіктерді еліміздің ше­ка­расынан алдымен кеденшілер қарсы алады. Елімізден шетелге шығатын, ал шет мемлекеттерден Қазақстанға келетін шетел­дік­тердің құжаттарын тексеріп, «Қазақстанға хош келдіңіз!» дейтін де алдымен осы кеденшілер.

Сол себептен, кеденшіге де қай кезде де кәсіби тұрғыдан біліктілік қажет. Өзінің атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қа­райтын әр кеденшінің біліктілігін арттыра түсуіне кезектен тыс өте­тін аттестаттаудың оң септігі тиеді деп есептеймін. Қазақстан ке­ден­шілерінің, соның ішінде Аты­рау облысында кедендік ресімдеу құжаттарын жүргізетін кеденші-әріптестерімнің біліктілік дең­гейі­нің жоғары екендігіне сенімдімін. Өйткені, біздің өңірде кедендік бақылау саласының бас­тауы еліміз КСРО құрамында бол­ған сонау 1989 жылдан басталады. Содан бергі кезеңде Атырау ке­ден­шілерінің өзіндік мектебі қа­лыптасты. Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінен тә­жірибелі кеденшілер өсіп шық­ты. Біздің департаментке жетекшілік еткен тәжірибелі кеденшілерге Кедендік бақылау агенттігін басқару жауапкершілігі жүк­тел­генін мақтаныш етеміз.

Атырау кеденшілері ұдайы ұлттық экономикамыздың эко­но­ми­калық, экологиялық қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етіп келеді. Мәселен, биылғы бірінші тоқ­сан­да кедендік ержелерді бұзу­дың 24 фактісін анықтады. Мұ­ның ішінде әкімшілік құқық бұ­зушылықтың 11 фактісі бар. Ал контрабандалық заң бұзушы­лық­қа байланысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Жиырма жылдан астам мерзімде еліміздің батыс­та­ғы шебін кедендік құқық бұ­зу­шылықтан қорғап келе жатқан атыраулық кеденшілер үшін де кезектен тыс өтетін аттестаттау барысында әр кеденшінің ел заң­дарын қаншалықты білетіндігімен шектелмей, адамдармен қа­рым-қатынас жасау мәдениетіне көңіл аударылатынының тиімді тұстары жетерлік. Сонымен бірге, Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кеден одағына бірігуінің интеграциялық маңы­зын да кеденші-әріптестерім жете түсінеді. Қазіргі қоғамның да­муына орай кеденшілердің шет тілдерін меңгеруінің маңы­зы айрықша екенін білеміз. Қорыта айтқанда, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық экономикасын контра­бан­далық қылмыстардан қор­ғай­тын кеденшілер де кезектен тыс аттестаттауды маңызды қадам деп санайды.

Айсұлу ТЕЛЕУІШЕВА. Атырау облыстық кедендік бақылау департаменті ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімінің бастығы.

Атырау облысы.

Соңғы жаңалықтар

Бес ауылға су берілді

Аймақтар • Бүгін, 08:53

Бидің көркем шежіресі

Өнер • Бүгін, 08:45

Өскеменде өнімдер көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Алакөл ажарланып келеді

Туризм • Бүгін, 08:33

Алатаудың бір шыңы

Тұлға • Бүгін, 08:30