«Өнім шығару құрылымының бестен бір бөлігі өнеркәсіптің үлесіне тиесілі. 2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі әртүрлі өзгерген. Шағын және орта бизнестің көп үлесі Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына және Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Ең төмен бөлігі – Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында», деді Р.Дәленов.
Бұл ретте, соңғы 4 жылда бірқатар өңірлерде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесінің төмендеуі байқалады. Олар Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары.