Аймақтар • 09 Сәуір, 2019

Әлеуметтік бағдарламалардың мәнін түсіндірді

767 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордағы «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен жергілікті тұрғындармен кездесу өтті деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Әлеуметтік бағдарламалардың мәнін түсіндірді

Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.

Халықпен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының ақпан айындағы сьезінде атап өткен табысы төмен азаматтардың, көпбалалы аналардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау салаларының және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.