Жұмыс тобының құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинова, Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева, Құрылыс және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы М.Жайымбетов бар.
Жұмыс сапарының бастапқы орны құрылыс алаңы болды, ол жерде «Баламекен» жобасы бойынша аз қамтылған отбасылар үшін 150 үй, оның 100-і бюджет қаражаты есебінен, 50-і Б.Өтемұратовтың жеке қоры қаражатынан салынады.
Бұдан әрі Г.Әбдіқалықова Б.Сапарбаевпен бірге 6 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы отбасы Зарина Хамзатоваға барды. Әңгіме барысында ол басшылыққа көп балалы ананы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге тапсырма берді.
Келесі іс-шара «Достық үйінде» өтті. Осы жерде Үкімет делегациясы көп балалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, еңбек ардагерлерімен, мүгедектермен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, қоғам өкілдерімен кездесті. Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік саясаттың түйінді басымдығы халықтың әл-ауқаты екенін баса айтты. Ол үшін бүгінгі күні өмір сапасы мен деңгейін арттыру бойынша қажетті шаралар қолдануда. Сонымен қатар басты міндет халықты жұмыспен қамту, ал әлеуметтік әлжуаз санаттарға жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Бұдан әрі жұмыс сапары қала және аудан әкімдері, кәсіпорын, бизнес-құрылым және кәсіби одақ басшыларымен жиналыспен жалғасты. Онда әлеуметтік жауапкершілікті алға тарту, өңірдің аз қамтылған жұмыскерлері мен тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қарастырылды.
Г.Әбдіқалықова экономика секторларын, бизнес-қоғамдастықты мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.
Келесі кезекте Қызылорда облысының 2016-2019 жылдарға арналған Білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қарастырылды. Облыста 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 100%-ды құрады, соңғы 6 жылда 69 білім беру мекемесі салынды, 79% колледждер дуальды оқыту жүйесі бойынша жұмыс істейді. Вице-премьер Білім және ғылым министрімен өңірдегі білім беру саласындағы ағымдағы жағдайды, өзекті мәселелерді және оны шешу жолдарын қарастырды. Бұдан әрі педагогтар қауымына 1 маусымнан бастап жалақыны 30%-ға арттыру жайы түсіндірілді. Сонымен қатар мұғалімнің қоғамдағы беделі мен рөлін арттыруға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланды.
Премьер-Министр мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қызылорда қаласының Жұмыспен қамту орталығының жұмысын тексерді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау алгоритмі толық қарастырылды. Жалпы облыс орталығында 2018 жылы жұмыспен қамту шараларымен 3,6 мыңнан астам адам қамтылды, 7,7 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, 225 адамға кредиттер мен гранттар берілді.
Өңірге жұмыс сапарының соңында Г.Әбдіқалықова азаматтарды жеке қабылдады. Басшылыққа Амангелді Ниталиевтің созылмалы гемодеализге байланған бала кезінен мүгедек ұлына материалдық көмек көрсету тапсырылды.
Өз кезегінде, К.Шәмшидинова «Шағбан» балабақшасының, «IT-IMAQORDA» балалар технопаркінің, №268 орта мектептің және «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Л.Ақтаева балалар ауруханасының, №6 емхананың дәрігерлерімен және медбикелерімен кездесті. Ал М.Жайымбетов Сырдария ауданына барды.