Қоғам • 10 Сәуір, 2019

Ас берудің де әдебі бар

1591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Күдіксіз Алла ысырап ету­ші­лерді сүймейді». Қасиетті Құранда осылай жазылғанымен, мұны қаперге ала бермейтініміз рас. Өкініштісі, қазір қаралы үйде қазан көтеріліп, аста-төк дастарқан жаю «сәнге» айналып кетті.

Ас берудің де әдебі бар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдігі облысқа қарасты құдайы ас мәзірін бекітті. Қала имамдарының жиналысында жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру мақсатында үндеу қабылданды. 

Үндеуде жерлеу рәсіміне қатысты жайттар көрсетілген. Сондай-ақ садақаны «жарыс­сөзге» айналдырмау, жаназа намазынан бұрын қаралы митинг өткізбеу, зәулім қабір тұрғызбау секілді мәселелер бар.

– Қаралы үйде қазан қай­намасын деген бабалар сөзі ұмыт бола бастады. Қаралы шаңырақ ас әзірлеуге міндетті емес. Қимас адамын жоғалтып отырған үйге ауыртпалық сал­мауымыз керек, – дейді Аты­рау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.
Имамдар ұсынған жаназа намазының ас мәзірінде нан, бауырсақ, жеті шелпек, қаймақ, тары, талқан, сары май, өрік, мейіз, құрма және күріштен да­йын­далатын бір ыстық тағам бар.

АТЫРАУ