26 Сәуір, 2012

Іскерлер іріктелмек

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Іскерлер іріктелмек

Бейсенбі, 26 сәуір 2012 6:50

Ел Президенті «Қазақстан Республи­ка­сы құқық қорғау органдарының қыз­мет­кер­ле­рін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу ту­ра­лы» Жарлыққа қол қойды. Енді Прези­денттің бастамасымен жүзеге асы­рылатын кезектен тыс аттестат­тау­дың мақсаты – құқық қорғау жүйесі қыз­мет­керлерінің кәсіби дайындық деңгейін және олардың қа­зіргі талаптарға сәйкес­тігін анықтау, орган­дарды моральдық-адамгершілік қасиеттері төмен және жем­­қорлық әрекеті арқылы жалпы мем­лекеттің беделін түсіретін біліксіз қыз­меткерлерден тазарту.

Құқық қорғау органдары қызметкер­лері­нің, соның ішінде қаржы полициясы орган­дарының қызметкерлерін аттестаттау жеке құрамды білікті, адал, өз мамандығын сүйе­тін қызметкерлермен, адамның құқығы мен заңды мүдделерін жоғары деңгейде қорғау­ға қабілетті өз елінің патриоттарымен сапалық тұрғыда жаңартуға бағытталған.

Әлемде қалыптасып отырған жағдай «халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі» билік үшін маңызды фактор екендігін аңғартуда. Бұл ретте кезектен тыс аттестаттау қазіргі заманғы құ­қық қорғау жүйе­сін құруға арналған кадр­лық әлеуетті қа­лып­тастыру, соны­мен қатар адал және кәсі­би қызметкер­лерді іріктеудің тиімді тетіктерін құру­ды, құқық қорғау органдарының кадр саясатын сапалы түрде өзгерту және оған халықтың сенімін арттыруды көздейді.

Сондықтан да кезектен тыс аттестат­тауды өткізу барысында қағазбастылық­қа, біржақтылыққа жол берілмей, әр қыз­мет­кердің құқықтары сақталуына ке­піл­дік беретін және барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ететін шара бол­ғанын қалар едім. Өйткені, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жа­ңа буынын даярлауға жол ашатын Ел­ба­сы­ның осы шешімі кадр­ларды шынайы сұрып­тауға да мүмкіндік берер деп сенемін.

Амангелді ҚҰЛБАТЫРОВ, «Қаржы полициясы органдарының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының төрағасы.