Аймақтар • 10 Сәуір, 2019

Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды

962 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнай-газ саласы бойынша айтулы шара 9- 11 сәуір аралығында өтеді деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды

«Атырау Мұнай және Газ-2019» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесінің мақсаты - Атырау облысының инвестициялық әлеуеті туралы, нақты жобаларға және аймақтың экономикасына инвестициялар тарту туралы хабардар ету.

 

Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен даму институттарының, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, шетелдік және отандық инвесторлар шақырылды.

 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  құттықтау сөзінде өткен жылмен салыстырғанда қатысушылардың саны айтарлықтай өскендігін сондай-ақ,  көрмеге әлемнің 20 елінен мұнай, газ және құрылыс саласында 2000-нан астам сарапшы қатысқандығын атап өтті.

 

- Бұл көрме 18-ші рет өткізілуде. Қатысушылардың саны артып келе жатқан сайын, компаниялардың географиясы кеңейеді. Бүгінде елімізде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Бұл үшін елімізде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Осыған орай бүгінгі күні біздің облыста 50-ден астам елдің 1000-нан астам өкілдері жұмыс істейді. Бүгінгі күні барлық қатысушылар жаңа серіктестер мен достар табатынына сенімдімін. Сәттілік тілеймін, - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

 

Көрмеге 50-ден астам шетелдік және қазақстандық компания қатысып жатыр, оның 30-ы ресейлік, олар өнеркәсіптік және мұнай-газ секторындағы барлық жабдықтарымен таныстырды.

«Атырау Мұнай және Газ-2019» жыл сайынғы көрмесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KAZENERGY қауымдастығы, «КазСервис» Қазақстан сервистік компаниялары одағы және Қазақстан мұнайшылар қоғамы және геологтардың қолдауымен өтеді.


Атырау

Соңғы жаңалықтар