26 Сәуір, 2012

Сапа сынағы сарапқа салынады

244 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сапа сынағы сарапқа салынады

Бейсенбі, 26 сәуір 2012 6:59

Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында елі­міз­дің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты он бағытын айқындап берді. Жолдаудағы басым бағыттардың бірі – құқық қорғау органдарын жаңғырту болып табылады. Бұл, сөз жоқ, құқық қорғау саласына тың серпін әкеледі деген ойдамыз.

 

Бейсенбі, 26 сәуір 2012 6:59

Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында елі­міз­дің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты он бағытын айқындап берді. Жолдаудағы басым бағыттардың бірі – құқық қорғау органдарын жаңғырту болып табылады. Бұл, сөз жоқ, құқық қорғау саласына тың серпін әкеледі деген ойдамыз.

Құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадр­лық жаңартуға қатысты үстіміздегі жылдың соңына дейін бар­­лық жеке құрамды аттестаттаудан өткізу міндеттеліп отыр.

Елбасы тапсырмасы мен Жарлығына сәйкес кадр білік­тілігін арттыру барысында жеке құрамды жаңарту және өңдеуге қатысты әрбір құқық қорғау қызметкері психоло­гиялық-мор­аль­дық тұрақтылықпен қатар, дене шынықтыру дайындығы, заңнамаларды, нормативтерді, Ішкі істер ми­нистрлігінің бұйрықтарын білуге, оларды кәсіби тұрғыда орындауға міндетті. Осыған орай Орал қалалық ішкі істер басқармасында алдағы аттестаттауға қарқынды дайындық жүргізілуде. Басқарма бойынша аттестаттауға бала күтімі кезіндегі демалыстағы, шетелде қызмет бабымен оқудағы және еңбек жолы бір жылға толмаған қызметкерлерден басқа түгелдей дерлік жеке құрам қатысады.

Аттестаттау өз кезегінде құқық қорғау қызметкерлері­нің сапасын арттырып, білімі мен кәсіби біліктілігін анықтайтын болады. Білімді де білікті құқық қорғаушылар, халықтың оларға деген сенімін нығайтады. Құқық қорғау қызметкері биік адамгершілік пен кәсіби біліктілікті ұш­тастыра білсе, қашанда сыбайлас жемқорлыққа, тәртіп б­ұ­зу­шылыққа, қызмет бабын асыра пайдалануға жол бермесі анық. Құқық қорғау жүйелерін жаңғыртудың маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында бүгінде па­ра­қор­­ларды анықтау және оларды сотқа тарту жеткіліксіз екенін, сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегия­сын жасау бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы мен қажеттілігі және де сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында жаңа құқықтық мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану керектігін баса айтып, мемлекеттік қызметкерлердің кірістері ғана емес, шығыс­та­рына да қатысты мағлұмдауға көшу керектігі туралы Үкімет­ке тапсырма берген болатын. Осыған орай, Орал қалалық ІІБ қызметкерлері арасында жеке құрамның кірістері мен мен­ші­гіне қатысты мағлұмдама алынды. Бұл – өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алудың бір тетігі.

Аттестаттау сайып келгенде, сандық көрсеткіштер емес, жұмыс сапасы болып табылады. Қазақстан полиция­сына жиырма жыл қарсаңында аттестаттау біліктілігімізді баға­лап қана қоймай, халықтың полиция қызметкерлеріне деген оң көзқарасын қалыптастырып, халықаралық талаптарға сай жаңа жүйеге көшетініне сенеміз.

Шадияр АЙТҚАЛИЕВ, Орал қалалық ішкі істер  басқармасының бастығы.