Президент • 10 Сәуір, 2019

Конституциямызға сәйкес жасалған шешім

818 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Үндеуін ықыласпен тыңдадым. Президент саяси партиялардың және қос палаталы Парламенттің төрағаларымен келісіп, бірауыздан осындай шешімге келіп отыр.

Конституциямызға сәйкес жасалған шешім

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімді өте орынды және заңды деп санаймын. Бұл Елбасы өз өкілеттігін тоқтататынын жариялаған соң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жасалған шешім еді. Ендігі жерде елімізді халық дауысымен сайланған Президентіміздің басқаруы қажеттігі айқын. Сондықтан Үндеуде айтылған басты мәселе жаз айында бүкілхалықтық сайлау туралы болды. Бұл дұрыс шешім. Жаз айы жалпы жұрттың қолы көктемгі жұмыстардан босап, бірер ай тыныстайтын кезі.

Біздің мемлекетіміз бүгінде әлемдік деңгейдегі өркениетке енген елдермен терезе теңестіріп, алға қарыштап келеді. Бұл – әрине, ең біріншіден Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұзақ жылғы күрескерлігі мен сарабдал саясатының арқасында мүмкін болған жетістік.

Еліміз мұнан әрі де осы жолмен дамып, өсіп-өркендей беретініне кәміл сенеміз.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы