Қоғам • 10 Сәуір, 2019

Сәтбаев студенттері құрастырған автомобиль Куала-Лумпурда таныстырылады

972 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сәтбаев студенттері құрастырған автомобиль Куала-Лумпурда таныстырылады

Баспасөз-конференциясы барысында SU Racing Team командасы өздері құрастырған Taiburyl  Prototype 3.0. жарыс автомобилін таныстырды.

Сәтбаев Университеті студенттерінің авто-мото жарыстары үшін құрылған  команда SU Racing Team Куала-Лумпурда өтетін «Shell Eco Marathon – 2019» жарысына арнайы автомобиль конструкциясын  жасап, құрастырды.

Shell Eco Marathon – Shell  компаниясының жыл сайынғы  өткізетін эко марафонының негізгі мақсаты –  жанармай түрлерінің жаңаларын ашып, бұрыңғы қолданыстағы түрлерін жетілдіру. Автомобиль 1 литр жанармаймен максималды қашықтықты жүріп өтуі керек: марафон рекорды -  3,836 шақырым.  Жарыс 1939 жылдан бастап Детройт, Лондон, Сигапур, Рио Де Жанейро қалаларында  өткізіліп келеді. Қазақстандық команда осы жарысқа екінші рет қатысады.