27 Сәуір, 2012

Басшылық бақылауында

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Басшылық бақылауында

Жұма, 27 сәуір 2012 1:26

Елбасының «Қазақстан Рес­публикасы құқық қорғау органда­рының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған Жарлықты жүзеге асыру мақсатында Төтен­ше жағдайлар министрінің бұй­рығына сай кезектен тыс аттестацияны өткізетін республикалық және орталық аттестаттау комис­сиясының қызметін қамтамасыз ететін жұмысшы тобының құра­мы мен ережесі ТЖМ мемле­кет­тік өртке қарсы қызмет орган қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу іс-шара­сы­ның жоспары, қызметтің және денешынықтыру дайындықтары көрсеткіші психологиялық әңгі­ме­лесуден өту реті, ел заңдарын білу бойынша компьютерлік тес­ті­л­еуден өту тізімі бекітілді.

Президент жанындағы Жо­ға­ры аттестаттау комиссиясына аттестаттауға жататын министр­ліктің тиісті қызметкерлерінің ті­зімі Президент Әкімшілігінің Құ­қық қорғау жүйесі бөліміне жі­бе­рілді. Қазіргі таңда өңірлік аттестаттау комиссиясының құрамы анықталуда. Аттестаттау ко­мис­сия­сының құрамына ардагерлер мен БАҚ өкілдерін қатыс­тыру қарас­тырылған.

Орталық және өңірлік аттестаттау комиссиясының кезектен тыс шарасына қатысатын қыз­мет­керлер тізімі жасалуда. Олардың ішінде орталық аппарат қыз­мет­керлері 45 болса, Өрт сөн­діру қыз­меті комитетінен 30 қыз­мет­кер бар. Ал Астана және Алматы қалаларындағы төтенше жағ­дай­лар департаментінен 1898 қыз­мет­кер аттестаттаудан өтпек.

Любовь ШАПОШНИКОВА, Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.