27 Сәуір, 2012

Әр хабарлама ескеріледі­

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әр хабарлама ескеріледі­

Жұма, 27 сәуір 2012 1:27

Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz ведомстволық веб-порталында «Навигация» айдарында ішкі істер органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу бойынша бө­лімі жұмыс істейді. Осы портал­дағы бөлімге алда болатын кезектен тыс аттестаттау туралы толық ақпарат, оның ішінде аттестаттауды өткізу ережесін реттейтін бар­лық нормативтік-құқықтық құ­жат­тар, аттестаттау комиссиясы­ның құрамы және аттестаттауға жататын ІІО басшы құрамының дербес тізімі орналастырылған.

Көрсетілген айдарда аттестаттаудан өту барысының хронологиясы бойынша ақпарат ұдайы жаңартылып отырады және қажет болған кезде көрнекі фото және бейнематериалдар да ұсыны­ла­ды. Бұдан басқа, порталдың «Ин­тер­активті қызмет көрсетулер» бө­лі­мінде арнайы «Сұрақ-жауап» бө­лімі ашылды, онда пайдаланушылар Жоғары аттестаттау комиссиясынан аттестаттаудан өтетін құқық қорғау қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы хабарламалар мен шағымдарын қал­­дыра алады. Аталған қызметті пай­­далану үшін «Навигация» ай­да­рындағы «ІІО қызметкерле­рінің кезектен тыс аттестаттауы» атты бөліміне кіру немесе пор­талдың негізгі бетіндегі оң жақ­тағы бұ­ры­шында орналасқан арнайы бан­­­­­нерді басу керек. «ІІО қызмет­кер­лерінің кезектен тыс аттестаттауы» бөлімінің бетінде қалың шрифт­пен жазылған «ос­ын­да» деген сілтеме бағыт көрсе­те­ді. Ол арқылы «Интерактивті қызмет көрсетулер» бөліміндегі «Сұрақ-жауап» айдарына енуге болады.

Қолдану келісімімен таныс­қан­нан кейін хабарламаны тіркеу нысанын толтырып, ішкі істер органдарының қызметтері тізі­мін­де «ІІО қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттауы» желісін таңдау қажет. Сөйтіп, барлық тармақтарды, оның ішінде хабарлама мәтінін толтырғаннан кейін, «жіберу» панеліне басу керек. Әрбір хабарлама тексеріліп, аттес­таттау комиссиясының жұ­мы­сын­да ескерілетін болады.

Нұрділда ОРАЗ, ІІМ баспасөз хатшысы.