27 Сәуір, 2012

Әр өтініш тексеріледі

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әр өтініш тексеріледі

Жұма, 27 сәуір 2012 1:28

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізудің ашықты­ғын және оның барысын жариялауды қамтамасыз ету мақса­тында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес агенттігінің (қаржы по­лициясының) www.finpol.kz ресми веб-сайтында «Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» атты бөлім құрылды.

 

Жұма, 27 сәуір 2012 1:28

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізудің ашықты­ғын және оның барысын жариялауды қамтамасыз ету мақса­тында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес агенттігінің (қаржы по­лициясының) www.finpol.kz ресми веб-сайтында «Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» атты бөлім құрылды.

Аталған бөлім ағымдағы жыл­ғы 23 сәуірден бастап, жұмыс іс­тей­ді және онда кезектен тыс аттестаттаудың өткізілуін регла­мент­тейтін нормативтік-құқық­тық актілер және басқа құжаттар орналастырылған.

Кезектен тыс аттестаттауды өткізудің ашықтығын қамта­ма­сыз ету мақсатында «Жоғары атестаттау комиссиясында аттес­таттауға жататын қызметкерлер туралы ақ­паратты осы жерде көрсете аласыз» айдары ашылды. Бұл айдар азаматтарға Агент­тіктің және аумақтық бөлім­ше­лердің аттес­татталатын лауазымды тұлғал­а­ры туралы кез келген ақпаратты ха­­барлауға мүмкіндік береді. Бұл «Құқық қорғау ор­ган­да­рының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» бөлімі кезектен тыс аттестаттау барысы және нәти­же­лері туралы материалдармен жү­йе­лі түрде то­лық­тырылатын болады.

Осы айдарға кіру барысында мынадай тиісті атрибуттарды тол­­­тыру қажет: бөлімшені таңда­ңыз (міндетті түрде толтыру тиіс); қызметкерді таңдаңыз (мін­­детті түрде толтыру тиіс); байланыс мәліметтеріңізді көрсе­тіңіз («Фамилиясы», «Аты» және «Электронды адресін» міндетті түрде толтыру тиіс. Міндетті түрде тол­тыруға тиіс жолақ маз­мұны жү­йемен тексерілмейді, сондықтан пайдаланушы кез келген мәлі­метті енгізе алады. Мін­детті емес жолақта – «Әке­сінің аты-жөні», «Тұрғылықты мекен-жайы», «Бай­ланыс телефондары» жатады). Бұдан кейін өтініштің тақырыбы; өтініштің мәтіні (ақпарат); пай­далану­шы­ның келі­сі­мі; суретке орнатыл­ған код; осы шарттармен таныс­тым және оларды қабыл­дай­мын; хабарламаны жолдау жү­зе­ге асырылады.

Шолпан ТАШЕТОВА, Астана қалалық қаржы полициясы департаменті қызметкері.