Саясат • 10 Сәуір, 2019

Ж.Түймебаев: Бұл еліміздің келешегі үшін қажетті сайлау болмақ

1051 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Ж.Түймебаев: Бұл еліміздің келешегі үшін қажетті сайлау болмақ

Бұл өте маңызды, еліміздің дамуына кажетті кадам.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының арқасында біздің тәуелсіздігіміз нығайды.

Қазақстанды экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты мемлекет ретінді бүкіл әлем мойындады. 

Өткен айда болған жоғарғы билікті ауыстыру заңды және бейбіт жолмен өтті.

Алдағы сайлау болса еліміздің тұрақтылығын нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық жаңғыруды лайықты жүзеге асыруға ықпал ететіні айғақ.

Бұл еліміздің келешегі үшін қажетті сайлау болмақ.

Президент Тоқаев айтқандай, еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың  тағдыры қазақстандықтардың шешімдеріне тікелей байланысты.

Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды шешімге қатысты өз ұстанымын жеткізіп, қолдау көрсеткені жөн деп есептеймін.