02 Мамыр, 2012

Көлік полицейлері дайын

242 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көлік полицейлері дайын

Сәрсенбі, 2 мамыр 2012 7:31

Елбасының үстіміздегі жылғы 27 қаңтардағы Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауында атап өтілгендей, республикамыздың құқық қорғау органдарының қызмет­кер­лері кезектен тыс аттестаттаудан өткізілмек. Олар­дың қатарында Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы да бар.

 

Елбасының үстіміздегі жылғы 27 қаңтардағы Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауында атап өтілгендей, республикамыздың құқық қорғау органдарының қызмет­кер­лері кезектен тыс аттестаттаудан өткізілмек. Олар­дың қатарында Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы да бар.

Елбасының құқық қорғау ор­гандарының қызметкерлерін аттестаттау туралы шешімі қолдау­ға тұрарлық. Бұл шара құқық қорғау органдарының қатарын сапалы кадрлық жаңартудан өт­кі­зуге, осы арқылы полицияға кез­дейсоқ келген адамдарды анық­тауға зор мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде полиция жұмысы сапасының арта түсіп, қылмыс­тарға қарсы күресте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе ала­тын­дығына кепілдік болмақ. Елба­сының құқық қорғау органдарын кезектен тыс аттестаттаудан өт­кі­зу тапсырмасын жүзеге асыру үшін ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті қызу дайындық шараларын жүзеге асыруда. Кесте бойынша департамент басшылы­ғы аттестаттаудан Ішкі істер ми­нистрлігінде, департаменттің жеке құрамы тікелей өзі қызмет атқаратын мекемеде өтеді. Ал жергілікті жерлердегі басқарма­лар мен дербес бөлімдердің жеке құрамын тексеруді департамент қызметкерлерінен құралған арнайы топ өкілдері тексереді.

Көліктегі ішкі істер депа­рта­менті кадр жұмысы басқармасы бастығы, полиция полковнигі Жа­нат Сүлейменовтің айтуынша, аттестаттаудан Көліктегі ішкі істер департаментінің 3000-ға жуық жеке құрамы толықтай өтеді. Аттестаттаудан тек екіқабат әйел­дер, бала күтімінде отырғандар, ауыр ауру түрімен науқастанып емделіп жүргендер өткізілмейді. Сонымен қатар, қызмет өткеру жасы келіп қалған, зейнеткерлік жасқа жеткендердің аттестаттау алдында өтініш жазып, ішкі істер органдары сапынан шығуларына болады. Қызметте қаламын деген осы санаттағы қызметкерлер аттестаттаудан өткізіледі.

Аттестаттау шарасы 10 мамыр күні басталады. Осы күндері Көліктегі ішкі істер департаменті бастығы мен оның орынбасарлары Жоғары аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткізіледі. Одан кейінгі кезекте Көліктегі ішкі істер департаментінің орталық аппараты, олардан соң облыстардағы ішкі істер желілік басқармалары, бөлімдері мен бөлімшелері кезектен тыс аттестаттаудан өткізілмек.

Қазіргі күні Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құра­мы аттестаттауға дайындық шараларын жүргізіп жатыр. Таратып айтар болсақ, КІІД кадр жұмысы басқармасы тарапынан төмендегі шаралар жүзеге асырылды. Барлық бөлімшелерге танысу үшін Президенттің 2012 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығының көшірмесі жі­берілді, қызметтік және жауын­герлік даярлық сабақтарында жеке құрам кезектен тыс аттестаттау өткізу ережелерімен таныс­тырылды, жеке құрам қызметтік атыс қаруынан ату және дене шынықтыру сабақтарында үзбей даярлық жасауда. Департаментте тестілеуден өткізу үшін арнайы компьютер сыныптары жаб­дық­та­луда.

Даниел ШАЙЫНҒАЗИН,

ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.