03 Мамыр, 2012

Сынақтан сүрінбей өтуі тиіс

376 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сынақтан сүрінбей өтуі тиіс

Бейсенбі, 3 мамыр 2012 7:51

Ағымдағы жылдың қаң­тарындағы Жолдауында Ел­басы «Президенттік кадр­лық резервін» қалып­тас­ты­ру төңірегінде және құқық қорғау органдарының са­па­лы кадрлық жаңарту мә­се­лесін шешу, барынша қыс­қа мерзім ішінде оның бү­кіл жеке құрамын қайта аттестаттау туралы мәселені қозғады. Енді міне, «Қа­зақ­стан Республикасының құ­қық қорғау органдары қыз­мет­керлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу ту­ра­лы» Жарлыққа қол қойды.

 

Бейсенбі, 3 мамыр 2012 7:51

Ағымдағы жылдың қаң­тарындағы Жолдауында Ел­басы «Президенттік кадр­лық резервін» қалып­тас­ты­ру төңірегінде және құқық қорғау органдарының са­па­лы кадрлық жаңарту мә­се­лесін шешу, барынша қыс­қа мерзім ішінде оның бү­кіл жеке құрамын қайта аттестаттау туралы мәселені қозғады. Енді міне, «Қа­зақ­стан Республикасының құ­қық қорғау органдары қыз­мет­керлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу ту­ра­лы» Жарлыққа қол қойды.

Президент Нұрсұлтан На­­зарбаевтың бұл Жар­лы­ғы ел тарихында алғаш рет құқық қорғау органдары жүй­есінде жаңа кадрлық әлеуетті қалыптастыруға жа­салған батыл қадам деп білемін.

Бұл аттестаттаудың мақ­саты – құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін, біліктігі мен білімділігін, құқық­тық сауаттылығы, дене бітімі келістілігін, олар­дың қа­зіргі заманғы талаптарға сәй­кестігін анық­тау және мо­ральдық-адамгершілік жағын тексеру болып та­былады.

Қай сала болмасын, онда қызмет ететін маман­дар­дың біліктілігі, адами-мо­раль­дық қасиеттері, жауапкершілігі, ұстамдылығы, бейім­ділігі, этикасы жоға­ры болуы керек. Әр маман өз саласының кәсіби шебері болса, сонда ғана жұмыс өз деңгейінде жүреді. Әсі­ре­се, құқық саласында қа­те­лесуге, мүлт кетуге, «көз қысты, бармақ басты» жа­сауға ешқашан жол берілмеуі тиіс. Өкінішке қарай, соңғы кездері құқық қорғау органдары қызметкер­лері­нің сапалық емес, сандық көрсеткішінің артып бара жатқандығы жиі айтылуда. Қарапайым халық құқығын қорғауға жүгінетін бірден-бір әділетті деген органның бет-бейнесінің, беделінің тү­суі, ондағы қызметкер­лер­дің қызмет бабын өз пайдасына шешіп немесе асыра пайдалануы, адам тағдырын шешуде қате­ле­суі, әрине, кешірілмейтін жәйт. Құқықтық санасы төмен, біліктілігі сын кө­тер­мейтін құқық органда­ры­ның өкілдері азаматтық қоғам үшін үлкен қауіп. Сондықтан құқық қорғау құрылымдарының барлық қызметкерлерін аттестаттау­дан өткізу арқылы құқық қорғау органдарын ретке келтіру өте орынды деп білемін. Сонымен қатар, бұл шара құқық қорғау орган­дарының қызметін жетілдіру тетіктерінің бірі деп санаймын.

«Қазір бой жарыс­ты­ра­тын заман емес, ой жа­рыс­тыратын заман», деп Елба­сы­мыз айтқандай, аттестат­та­латын әрбір қызметкер білек емес, біліміне сенуі керек. Өз ісіне мығым, мамандығын құрметтейтін, білікті де білімді азамат қашанда заңды арқау етеді.

Аттестаттау комиссия­сы­ның құрамына БАҚ өкіл­дері, ғалым-заңгерлер, депутаттар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, психолог-мамандар және сол са­ла­ның тәжірибелі маман­да­ры енгені дұрыс болар еді.

Ләззат ЕРКІНБАЕВА, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор.