10 Мамыр, 2012

Сынаққа сын алда

288 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Сынаққа сын алда

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:32

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, көптен жырланып асыға күткен күн де таяп қалды. Енді құқық қорғау органдары қызметкер­­ле­рі­нің арасындағы шын мәніндегі адал адамдар анықталатын болады. Елба­сы­ның алға қойып отырған талабы сондай. Ол талапты Жоғары аттестаттау комиссиясы жүзеге асырмақ. Демек, ел-жұртты алдап, билікті жерге қара­тып жүрген арамтамақ озбырлар мен екіжүзділер, ар-ұятын сатқандар, қо­лын параға былғап өзін де, отбасын да арам аспен тойындырғандар арадан аластатылмақ. Ал ондайлардың аз емес екенін ескерсек, саралауға түсе­тін 110 мың адамның біразы қызме­тімен қош­тасатыны анық.

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:32

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, көптен жырланып асыға күткен күн де таяп қалды. Енді құқық қорғау органдары қызметкер­­ле­рі­нің арасындағы шын мәніндегі адал адамдар анықталатын болады. Елба­сы­ның алға қойып отырған талабы сондай. Ол талапты Жоғары аттестаттау комиссиясы жүзеге асырмақ. Демек, ел-жұртты алдап, билікті жерге қара­тып жүрген арамтамақ озбырлар мен екіжүзділер, ар-ұятын сатқандар, қо­лын параға былғап өзін де, отбасын да арам аспен тойындырғандар арадан аластатылмақ. Ал ондайлардың аз емес екенін ескерсек, саралауға түсе­тін 110 мың адамның біразы қызме­тімен қош­тасатыны анық. Соған орай құқық қорғау органдары қатары, Президент Жолдауында айтылғандай, мін­сіз қыз­меткерлермен толығып, бұ­дан былай әрқайсымыз да тек заңды құқымыздың қорғалатынына бек сенімді болатынымыз сөзсіз.

Мемлекет басшысының Жолдау­ын­­дағы құқық қорғау органдары қыз­мет­керлерін кадрлық жаңғырту туралы тапсырмалары мен оларды кезектен тыс аттестаттау туралы Жарлығы текке жарияланбағанын қазір жұрт­тың бәрі біледі. Халықтың құқық қор­ғау орган­дарының қызметіне сенімі азайып барады. Олардың бірқатары жұрттың құ­қын қорғаумен емес, өзде­рінің құлқын қамын қамдап кетті. Сөйтіп талайы ұс­талды, істі болды, сотталды. Прези­дент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин өзінің «Құқық қорғау орган­дарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транс­паренттілік және кәсі­билік» атты жарияланымында: «Бү­гін­де құқық қор­ғау органдарының қыз­меті сапалы жаңғыртуды талап етеді. Бұл салада мемлекеттің құқық­тық дамуына тежеу келтіретін бірқатар объективті себептер бар. Біріншіден, көбіне-көп қоғам құ­қық тәртібі органдарын күштік институттар ретінде қабылдайды. Олардың жұмысындағы профилактика көп жағ­дайда екінші кезекте қалып жатады. Екіншіден, құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа бейім. 2011 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұ­зушылық бәрінен де ішкі істер органдарында жиі тіркелген…», деп кемші­ліктерді атап-атап көрсетті.

Ал енді мұндай көрсеткіш адамды қуанта қоятындай жағымды жәйт емес екені белгілі. Мұның астарында тек жеке құрамның қылмысы ғана емес, осыған жол беріп отырған, мұны ба­қылауға алуға тиісті басшылықтың айыбы барлығы айдан анық көрінеді. Билікті осыншама жерге қаратқан ондай республикалық, облыстық, аудан­дық деңгейдегі басшы құрамдағы бір­қатар шенділердің шенінен айырылып, жазасын тартатын сәттің келген кезі осы. Жеке құрамның, жоғары оқалы киімділердің мұндай қылмысқа баруына үлкенді-кішілі басшылық­тың кінәсі жоқ деп ешкім айта алмас. Ендеше сол басшылық аттестаттаудан өткенде тү­гел демей-ақ қоялық, әр жерде қыл­ти­ған бір талдай қатары сиреп қала­тын­дығына кәміл сенеміз. Әйтпесе, Елбасы, халық осыншама мән беріп, үлкен үміт күтіп отырған аттестаттаудан не қайыр болмақ?

Сондықтан қара қылдан аттаған, әділдікті арым деп сақтамаған, ар-ұятты таптап талайдың жазықсыз көз жасына қалған жандар болса өзі білетін әділетсіз істері үшін аттестаттаудан бұрын-ақ қызметтен өз еріктерімен кеткендері жөн-ау дейміз. Жоғары аттестаттау комиссиясынан құқық қорғау органдарының басшы­лығы қалай өтеді, төменгі жақ та тап сол үрдіспен жал­ғасын табатыны анық. Пара алған немесе жазықсыз жанды нақақ қаралаған қызметкер аттестаттауда ескерту естіп, қайта орын­тағына жантаятын болса, онда біздің елімізде ешуақытта сыбай­ластық сыр­қаты жойылмайды. Сондық­тан бұл кезектен тыс және алғашқы аттестаттау екен, ендеше алаяқтар мен жемқор­ларға, біліксіздер мен топас­тарға қа­сиет­ті құқық қорғау органдары қата­рын­да орын жоқ екенін бірден кесіп білдіру қажет. Бұл қатарға жаңа­дан қосылатын жаны таза қызметкер үшін де үлкен көмек. Демек, ертеңгі күні ешкім де ар-ұятын жиып қойып, би­лікті теріс пайдалануға бара қоймай­ды. Ал егер сол ертеңгі күні аттестаттаудан өткен қызметкерлер қайтадан бұрынғы әніне басатын болса, онда ел-жұртты шулатқан мына ісімізбен кім кімді алдаған болып шығамыз?

Сондықтан Елбасының Жарлығы мүлтіксіз және ең биік талап деңгейін­де орындалуға тиіс деп білеміз. Ал оның орындалуы құқық қорғау орган­дарының ертеңгі күні халық алдын­дағы сауатты да саламатты атқарыл­ған жұ­мыс нәтижесінен көрінбек. Демек, бұл сынаққа сын әлі алда. Соны осы бастан естен шығармаған жөн-ау.

Александр ТАСБОЛАТОВ.