16 Мамыр, 2012

Бейбіт күннің батырлары жарасты сабақтастық

468 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Бейбіт күннің батырлары жарасты сабақтастық

Сәрсенбі, 16 мамыр 2012 8:20

Сұрапыл жылдарды көзімен көрген қариялар да, соғыс жылдарын бастан кешкен ардагерлер де азайып барады. Сапта тұрған тарихтың тірі куәгерлері бүгінгі ұрпақтың санасына шуақ, жанына қуат беретін тірі тарих іспеттес. Солардың бірі – Жанғазиевтер отбасы.

Отбасылық әулет Ұлы Отан соғысының ардагері Жақ­сығали Жанғазиевтен бастау алады. Жақ­сығали ақсақал 1917 жыл­дың 15 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалды­ғайты совхозының Төленкөл деген фермасында көпбалалы шаруа отбасында дүниеге келген. Ол дүниеге келген ауыл көп ұлт­ты болатын. Білімге құштар жас өрен 1937 жылы Орал педагоги­калық инс­ти­тутының екі курсын бітірді. Кейін, 1942-1944 жылдары Батыс майданының кіші лейтенанттар курсының тыңдаушы­сы болды. Қызыл армия қата­рына 1944 жылдың мамыр айында ша­­қырылып, әскери қызметін 3-ші Белоруссия майданының 39-шы армиясы, 164-ші атқыш­тар дивизиясында миномет рота­сының командирлігінен бастайды. 1945 жылы қазанда аталмыш май­­данның 1333 атқыш­­­тар дивизиясына ауыстырылып, Прибалтика май­­­­данындағы қанды қақ­тығыс ке­зін­де екі рет жарақат алады. Сол ұрыс­та бастан алған ауыр жара­қа­тына байланысты 1945 жылы сәуір айында отставкадагы лейтенант ше­нінде қыз­меттен босатылды.

Тайпақ, Қара­төбе аудандық партия комитеттерінде еңбек жолы басталған Ж. Жанғазиев жиырма бес жыл бойы аудандық бі­лім бө­лім­нің меңгерушісі қыз­метін ат­қарды. 1959 жылдан бастап зей­­нетке шыққанға дейін Қара­төбе ауданында совхоз  ди­рек­торының орын­­басары қызме­тінде болды. Қан­ға сіңген әскери тәртіп және ұйым­дастырушылық қабілетімен Жақ­сығали Жанға­зиев зор құрмет­ке, мол сенімге ие болды. Ол үнемі қиын аймақ­тарда іссапар­мен жүр­ді. Бірде ша­руашылыққа қат­ты тиген қыс­та пішенді қыс­тауға жет­кізу үшін жұмыс­шылар арасында болып, өнімнің токқа, эле­ваторға жеткі­зі­луін қа­­­дағалап, темірдей тәртіп орнатты.

Жақсығали аға ерлігі және қайсарлығы үшін «Қызыл жұл­дыз», 2-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендері, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік жетіс­тік­тері үшін», «Германияны жеңге­ні үшін» медальдарымен марапатталды. Абыройлы ардагер 1977 жы­лы науқа­сы жеңіп, өмірден өтті.

Жанғазиевтер отбасындағы төрт ұлдың үлкені запастағы майор Мұхтар Жанғазиев – ішк істер ор­ган­дарының ардагері. Оның еңбек жолы Шыңғырлау, Теректі аудандарында инспекторлықтан бас­­талды. Аға инспектор, кейін мем­лекеттік автокөлік инспек­циясы­­ның басты­ғы болды. Қыз­мет­­тің ауыр жүгін бөліскен Мұх­тар Жақ­сығали­ұлы­ның зайыбы Мә­рия апай да үнемі ат үстінде жү­ретін қосағы­ның бабын таба білді.

Жанғазиевтер әулеті офицерлер ортасына да таныс. Ұлдары Арман, Нұрлан және Болат атасы мен әкесінің жолын қуды. Бү­гінде Арман Алматы қаласында кеден қызметінің подполковнигі. Ортаншысы Нұрлан Қазақстан Республикасы ҰҚК-ның аға офи­­ц­ері, ал кішісі Болат Жанға­зиев Ішкі әскер коми­тетінде пә­тер пайдалану қыз­ме­тінің бөлім бастығы, полковник. Ең үлкен немересі, соғыс арда­гері Жанға­зиевтің шөбересі – Санат Жанға­зиев генерал Сағадат Нұрмағам­бетов атындағы «Жас Ұлан» рес­публикалық мектебінің курсанты. Осылайша Жаңға­зиев­тер әуле­ті үзілмейтін ұрпақ сабақ­тастығын жалғап келеді.

Ерболат СҰЛТАНОВ, майор.

Орал.

Жемқорлықпен күрес назарда

Астана қаласы Алматы аудандық ішкі істер бас­қармасы қызметін жүйелі жүргізіп келеді. Сондай-ақ, ол міндет Ішкі істер депар­та­ментінің «2011-2013 жыл­дарғы ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқор­лық­пен күрес бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылуда.

Ішкі істер басқармасының кадр аппараты қызмет­керлері, жеке құрамның қызметтік тәртібі мен жем­қорлыққа қарсы заңдылықты сақтауға бағытталған жұмыстарын қадағалауды күшейтті. Мұнымен қоса қызметкерлердің уақтылы жұмыстарында болуы, өз уақы­тында және заңды түрде жеке құрамға байланысты шешім қабылдау, әскери киімді кию ережелерін сақтау жіті бақылануда. Заңды­лық­тарды бұзуға жол бермеу үшін қоғамдағы тәртіпті кәсіби қызмет­керлеріміз назарда ұстауда.

Қызметтік тәртіп пен заңдылықтарды бұзудағы әр­бір факт офицерлік және полицейлік жиналыстарда өз ретімен қаралып, тиіс­ті шешімдер қабылданады. Мәсе­лен, осы бағытта 29 тәртіпсіздікті қараған 6 офицерлік және 2 полицейлік жиналыс өтті.

АІІБ басшылығымен тұрақты түрде алға қойған мақсатты жеңіл­дету және жемқорлықпен күрестің жаңа әдістерін талдау мақ­сатында ішкі істер органдарында жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы бейне-роликті ұжымдық көру ұйымдастырылып, көрсетілім қоры­тындысы басқарманың жеке құрамымен талқыланды. Осы шараға, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдері қатысады. Қазіргі таңда тоқсан сайын Ар-намыс кодексі талаптарын сақтау туралы міндеттеме және жемқорлыққа қатысты заң қабылдаудан басқа басқарманың әр қызметкері мен ІІД жұмысына үміткерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңмен таныстырылады. Сонымен қатар, кадрлық аппараттағы қызметкерлер үшін жасырын қылмыстың жауапкершілігі туралы ескертіледі. Осыған орай аталған заңдардан үзінділер қамтылған «Полиция анықтамалығы» атты әдістемелік құрал дайындалды.

ІІД мен АІІБ басшылығының бастамасымен полиция бөлімшеле­рінде, Алматы аудандық ХҚО-да заң бұзу жайындағы деректерді хабарлау туралы құлақ­тандырулар ілінді.

Жас қызметкерлердің жұмысына да айрықша көңіл бөлінуде. Алматы аудандық ішкі істер басқармасында ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарын бітірген 24 жас маман қызмет етеді. Олардың біліктілігін арттыру және кәсібилікті қалыптастыру мақсатында дәріс, семинар сынды түрлі іс-шаралар өткізіледі. Бұл ретте патриот­тық және адам­гершілік тәрбиені қалыптастыруда АІІБ-нің ардагерлер кеңе­сінің үлкен көмегі тиіп жатқанын да айтқан абзал. Байжанов, Улюшев, Карманов, Колисниченко, Каршимбеков сынды ішкі істер саласының ардагерлері жас толқынның кәсіби біліктілікті тез қалыптастыруы үшін тәжірибелерімен бөлісуде.

Әмір ЖАЛМҰХАНБЕТОВ,

Алматы аудандық ішкі істер басқармасының бастығы.

Астана.

Полицей қазасы

Біреу үшін бүгінбәлкімсәтті күн,

Енді біреу тойлап жатыр шаттығын.

Ал елінің тыныштығын қорғаған

Бір полицей оққа ұшты сәт бұрын.

Балалықта жетелеген сан арман,

Перзент еді игілікке жаралған.

Орын алды орны толмас бір қаза,

Бір тамшы жас тамып түсті жанардан.

Ерекше ол сүюші еді халқын да,

Қайран ғұмыр бағаланбас алтынға.

Ата-анасын, жас жұбайын, сәбиін

Кете барды қалдырды да артында.

 Мырзабек БЕРДИЕВ, полиция капитаны.

Алғыс арқалады

Бұдан бұрын Семей қалалық ІІБ бастығы атына «Жансая» базары әкімшілігінің атынан полиция батальоны қызметкерлері Ринат Әмірғалинов пен Қайрат Алпыс­баев­тарға алғыс хат келген еді. Онда: «Полиция қыз­мет­кер­лері­нің қырағылықтары мен жо­ғары кәсіби шеберліктерінің ар­қасында базар аумағында көше қылмыс­тары мен құқық бұзушы­лықтар­дың саны қысқарып, аудан тұр­ғындары өздерін көшеде тыныш сезіне бастады», деп жазылыпты.

Қалалық ІІБ патрульді полиция ба­таль­­­­оны­ның сержанттары Қай­рат Алпысбаев және Ринат Әмір­ғали­­нов іш­кі істер органдарына 2008 жылы кел­ген. Қайрат полицияға Алматы қаласы­­­ның, ал Ринат Өскемен қала­сы­ның ішкі әске­ріндегі қызмет­терінен кейін келген. ППБ бас­шылығы кри­ми­ногенді ахуалды жақсарту үшін, оларды «Жансая» базары мен оған жанасып жатқан аумақтарда тыныштықты сақтау­ға жібереді. Бір ай ішінде Ринат пен Қайрат азаматтардың жеке мүлкін ұрлау­дың 4 дерегін ашты.

Бірде қалтыраған кәрі әжей­дің 10 000 теңге ақшасы бар әмияні мен құжаттары салынған қол­дорбасы ұрланады. Бір жігіт қарт адамның қолынан пакетті жұлып алып, белгісіз бағытқа ізін суытқан. Алайда полицейлер уа­қыт­тың қылмыскер үшін жұ­мыс істейтінін түсіне отырып жағ­дайды тез бағамдап, ау­мақта тексеру жұмыстарын жүргізуге кіріседі. Өйткені, мұндай сәтте кешігудің әр минуты қылмыс­кер­ді іздеуді қиындатады. Біраз уақыттан кейін олар кеудесіне бір қолдорбаны қысып алып, босаң жүріспен базардан шы­ғуға бет алған жігітті байқайды. Оны ұстап алып, қарау кезінде әлгі пакеттің қарт әжейдікі екен­дігін анықтайды. Бұл кезде қос полицейге қарт әжейдің жа­сау­­раған көзімен алғыс айт­қа­нынан артық марапат жоқ еді.

Дәулет САДЫҚОВ,

 Қалалық ІІБ-нің қызметкері.

Семей.

Қырағы тәртіп сақшылары арамызда жүр

…Тамылжыған көктем айының  бір күні еді. Кешкісін Алмалы ауылдық полиция бөлімшесінің  бастығы, полиция майоры Азамат Мұратұлы мен  учаскелік  полиция инспекторы капитан Исатай Аман­ғалиев  «Атырау – Орал» тас жолынан шамамен 2-3 шақырымдай қашықтықта Жайық өзеніне баратын жол бойында қараңдаған бір­неше адамды байқайды. Түн қа­раңғысында топтасып  тұрғандар көңілге  күдік келтіріп, оларды тексермек болып полиция қызмет­керлері жандарына жақындайды. Айдалада тұрған төрт жігіттің  жан­­дарына келген полицейлер олардың «Опель-Вектра» автокө­лігін де көздері шалады. Содан бейтаныс жандардың құжаттарын тексеру барысында  олардың  бірі  құжатын көрсетуден бас тартып, аты-жөнін  айтпайды. Бастарына төнген қауіп пен қатерге қарамас­тан,  екеуі күдіктілерді  тексеріп, дереу аудандық бөлімге хабарлайды. Бұл туралы  облыстық  ІІД де хабарланады.  Ізі суымай күдікті­лердің төртеуі де облыс орталы­ғында құ­рықталады. Олардан  2 дана  қолдан жасалған жарылғыш зат, Ф-1 гранатасы, экстремистік сипаттағы ақ­параттар табылып, тәр­кіленіп алынады.

Ішкі істер министрінің бұй­рығымен Махамбет аудандық ІІБ Алмалы ауылдық полиция бө­лім­­шесінің бастығы полиция майоры Азамат Мұратұлы мен  учас­келік полиция инспекторы капитан Исатай Аман­ғалиев  қоғамдық тәр­тіпті қамта­масыз етіп, қызмет ат­қа­ру кездерінде қылмыстық топты анық­тап, құрық­тауда көрсеткен  ба­тыл­дығы үшін марапатқа ие болды.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА,

полиция полковнигі.

Атырау облысы.