Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Қостанай облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы басталды

851 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қарумен, жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды. Бұл жөнінде Облыстық полиция департаменті Әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Абзал Болатов бұқаралық ақпарат құралдарына берген брифингінде айтты.

Қостанай облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы басталды

Акция сәуірдің 10-нан басталды. Бұған дейін де облыста осындай акция бірнеше рет жүрген.

«Мұндай акция облыс өңірінде бірнеше рет жүргізіліп, нәтижесінде 3502  қару алынған болатын.  Мысалы 2008 жылы – 1101, 20012 жылы – 975, 20113 жылы – 614, 2014 – 407, 2018 жылы –77 қару алынды. Оның  сыртында 45669 дана оқ-дәрісі бар» дейді Абзал Болатов.

Заңсыз сақталған қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды  өз еркімен тапсырған  адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар оларға республикалық бюджеттен бөінген қаржыдан қарудың  техникалық жарамдылығына қарай он айлық көрсеткіштен 100 айлық көрсеткіш көлемінде ақшалай  ақысы беріледі.