Сайлау • 12 Сәуір, 2019

Ел өміріндегі аса елеулі кезең

848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем назары тағы да Қазақстанда! Тәуелсіз еліміздің өмірінде ұлы өзгеріс, ұлағатты оқиғалар болып жатыр. Биліктің бейбіт жолмен ауысуы – әлем үлгі алатын ең үздік үлгі болды.

Ел өміріндегі аса елеулі кезең

Қазақстан Республикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кемел ойлы, кең тыныс­ты кемеңгерлігін, шешім­ділігін, біліктілігін тағы да таныт­ты. Еліміз үшін тағдырлы кезеңде халық күткен шешім қабылдады. Президенттің кезектен тыс сайлауы 9 маусымға тағайындады. Ғарыштық жылдамдықпен дамып бара жатқан мына алмағайып заман, бұлыңғыр кезеңде дара туған дарындар уақыттың алдын орап, жедел әрекет жасайды. Президенттің кезектен тыс сайлауы туралы Жарлық сондай көре­ген­діктің керемет көрінісі. Уақыт ырғалып, жырғалуды күтпейді.

Қазақстан Республикасының Прези­дентін сайлау күнін белгі­лерде Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент-Елба­сы Нұр­­сұл­тан Назар­баев­пен ақыл­да­сып, қос палатаның спикер­лері­мен, Премьер-Ми­нистр­мен кеңесіп, партия жетек­шілері­мен кездесіп, Консти­туциялық Кеңес­тің келісіміне жүгініп, өзінің жеті емес, жетпіс рет өлшеп бір кесетін шешімді, келісімді кемеңгерлігін тағы да танытты. 

– Ырыс қайда барасың?

– Ынтымаққа.

– Бақыт қайда барасың?

– Бірлікке!. – дейді ескіден жеткен есті сөз. Біз ынтымақ, бірлігі жарасқан елміз. Көшбасшысы кемеңгер, елі еңбеккер болса, онда алынбайтын асу жоқ.

Халқын ойлаған қашанда ұлы. Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та ел бағына туған сондай тұлғалар!
Алла Тағала Алашқа нұрын төгіп тұр, маңдайынан сүйіп тұр. Елі­міз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Сәбит ДОСАНОВ,


жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 


АЛМАТЫ