Бейбітшілік. Заңдылық. Тұрақтылық. Тәуелсіздік жылдары біздің мемлекетіміздегі саясаттың үш құрамдас бөлігіне айналған осы үшеуі еліміздің табысты дамуының негізі болды.
Үкіметтік емес ұйымдар секторы үшін нақтылық керек және біздің табысымыздың сақталуы кепілдендірілетін жағдайда жұмыс істеу өте маңызды.
Әрине, кезектен тыс сайлаудың дер кезінде жарияланғандығы еш күмән тудырмайды. Мұның өзі біздің тұрақты болашағымыздың, экономика, мәдениет, әлеуметтік өмірдің барлық салаларының әрі қарай екпінді дамуының кепілі. Сонымен бірге сайлаудың өткізілуі Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы және тұрақтылық діңгегі ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.
Өкінішке қарай, соңғы кездері тұрғындардың кейбір санаты елдің қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Ата заңында көрсетілген белгілі шектеулерді есепке ала отырып берілген өкілеттігінің толықтығы жөнінде қаңқу сөздерге сене бастады.
Біздер сияқты үкіметтік емес ұйымдар секторы үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін қалаған мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы табысты ынтымақтастықтың жаңа Президент келгенде жалғасын тапқаны айрықша маңызды.
Елбасы бастамашы болған және еліміздің әрбір тұрғынының игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан шаралардың барлығы жаңадан сайланған президенттің саясатында игі жалғасын табуы керек.
Дмитрий ПОЛТАРЕНКО,
«Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінің директоры
ҚАРАҒАНДЫ