Бәрімізге белгілі, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялағаннан кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымына тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл оқиға біздің қоғамда үлкен серпіліс тудырды.

Президент сайлауы еліміздің саяси өміріндегі ең маңызды оқиға болып табылады. Қазіргі сайлау науқаны жаңа саяси жағдайда жүріп жатыр, бұған ерекше назар аударылуда. Сайлауды жариялау процесі қысқа мерзімде және барлық рәсімдерді қатаң сақтай отырып орындалғаны атап өтуге тұрарлық.
Президент Қ.Тоқаев өзінің Елбасымен кеңескенін, өз шешімін Конституциялық кеңеспен келіскенін атап өтті. Парламент палаталарының спикерлерімен, Премьер-Министрмен, парламенттік партиялардың көшбасшыларымен кездесулер өткізілді.
Шын мәнінде, біз элитаның, барлық саяси және қоғамдық күштердің транзиттік кезеңнің қисынды аяқталуын барынша тез, ашық және заңды түрде қамтамасыз етуге ұмтылуда қол жеткізген уағдаластығы туралы айта аламыз.
Әрине, алдағы кезектен тыс президенттік сайлау – маңызды саяси оқиға. Сайлаудың еліміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын жалпымемлекеттік мәні зор. Бұл сайлау уақыт талабына сай, соңғы саяси өзгерістердің қисынды жалғасы екені айдан анық.
Биылғы наурыз айында жоғарғы билік Ата заңның талаптарына сәйкес ауысты. Мұның бейбіт жолмен, тұрақтылық пен болжамдылық сақталған жағдайда өтуі аса маңызды болды. Осының барлығы биліктің тұрақтылығының жоғары деңгейін, демократиялық институттардың пәрменділігін, саяси мәдениет пен азаматтардың бірлігін көрсетті. Бұл ретте біз тәуелсіз Қазақстан тарихында биліктің тұңғыш рет берілгенін естен шығармауымыз керек. Әлемнің түрлі елдерінде биліктің берілу процестерімен ілесе жүретін қиындықтар болатынын ескерсек, Қазақстан осы күрделі кезеңде барлық саяси ойыншылардың саяси даналығы мен жауапкершілігін көрсетті.
Сонымен қатар айналамыздағы әлем бір орында тұрмайды, үнемі өзгеріп отырады. Күрделі геосаяси процестер, әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстар, әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі, дінаралық қақтығыстар – осының барлығы басқарудың тиімділігі мен қоғамның тұрақтылығын талап етеді. Біз халықаралық қоғамдастықтың, шетелдегі әріптестеріміздің, оның ішінде шетелдік инвесторлардың Қазақстанда жүріп жатқан билік транзитін мұқият қадағалайтынын ұмытпауымыз керек. Олар үшін айқындық, ішкі тұрақтылық, саяси және экономикалық бағыттың сабақтастығы маңызды болып табылады. Ел ішінде транзиттік кезеңнің созылуы қоғамда, іскерлік қоғамдастық арасында бұлыңғырлықтың өсуімен қатар жүруі мүмкін. Бұл туралы сарапшылар көп айтты, әлеуметтік желілерде жазылды. Сондықтан, экономиканы, әлеуметтік саланы одан әрі дамыту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеттерін табысты шешу үшін дамудың жаңа кезеңін айқындауда Қазақстан азаматтарының сайлау құқығын тиімді іске асырудың маңызы зор.
Осыған орай, сайлау өткізу ішкі және сыртқы саясаттың сабақтастығы мен дәйектілігі жағдайында қоғамның одан әрі іс-қимыл жасауына мүмкіндік береді. Сайлау биліктің заңдылығын нығайтуға, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Оның қолданыстағы заңнама нормаларына қатаң сәйкестікте өткізілетінін атап өту маңызды. Мұның барлығы Елбасы ұсынған стратегиялық бағдарламаларды тиімді іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сайланған Президент мемлекет басшысының функцияларын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болуға халықтың сенім мандатын алады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, саяси транзит жағдайында, этносаралық және дінаралық қатынастар мәселесі деструктивті күштер өз мақсаттарына жиі пайдаланатын «қауіп-қатер ошағы» санатына жатады. Ал Қазақстандағы этносаралық жағдай тұрақты, позитивті қалпында сақталуда. Елбасының басшылығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының көпжылдық қызметінің арқасында еліміздің барлық этностары азаматтық ұстаным қағидаттарына шоғырландырылған. Бірде-бір этностық топ оқшаулану стратегиясын ұстанбайды, бұл сайлау науқаны барысында этностықты саясиландыру әрекеттерін айтарлықтай дәрежеде жоққа шығаратыны сөзсіз. Ассамблея өкілдері ретінде біз президент сайлауы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз.
Сайлау еліміздің алдында тұрған барлық міндеттерді табысты шешу үшін халықты шоғырландыру процесіне серпін береді. Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің жетекші қоғамдық ұйымы ретінде осы бастаманы қоғамның белсенді қолдауын қамтамасыз етуді өзінің азаматтық борышы деп санайды. Осыған байланысты, 10 сәуірде біздің ұйымның көптеген құрылымдары өкілдерінің қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Парламент Мәжілісінің Ассамблеядан сайланған депутаттары, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары, қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар кеңесінің, ғылыми-сараптамалық кеңестің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, журналистер клубы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өз сөздерінде ел Президентін мерзімінен бұрын сайлау туралы шешімді толық қолдайтынын жеткізді.
Кеңес қорытындысында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы кезектен тыс президенттік сайлауды қолдайтыны туралы үндеу қабылданды. Сонымен қатар, ол барлық қазақстандықтарды осы шешімді Қазақстан халқының игілігі мен өркендеуі жолында, болашақ ұрпақтар үшін жасалып отырған бірден-бір дұрыс таңдау ретінде қолдауға шақырды. Осылайша, Ассамблея өзінің қоғамдағы тұрақтандырушы рөлін, ұлттық сананың әртүрлі полюстерін позитивті векторда біріктіру қабілетін тағы да көрсетті.
Біздің қоғамдағы бірлік пен келісім мәселелері дәстүрлі түрде саяси және өзге де келіспеушіліктерден жоғары тұрады. Баршамыз елдегі тұрақтылық, бейбітшілік пен тыныштық, азаматтардың қауіпсіздігі үшін кез-келген басқа тәсілдердің қауіпті екенін түсінеміз. Сарапшылардың пікірлері, БАҚ-тағы және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау, көпшіліктің пікірі бұл шешімнің қоғамда оң қабылданғанын көрсетеді. Біз алдағы сайлауда тұрақты дамып келе жатқан және өз болашағына сеніммен қарайтын ел ретінде болашақ даму бағытын бірге айқындайтынымызға сенеміз.
Әрине, Қазақстан халқы Ассамблеясының 29 сәуірде өтетін ХХVII сессиясында қазақстандық саясаттың заманауи мейнстримі ретінде кезектен тыс сайлау тақырыбы туралы талқыланатын болады. Бұл сессия 2019 жылғы көктемдегі Қазақстанда болған ауқымды өзгерістер мәнмәтінінде өзінің саяси сипаты мен мәні жағынан ерекше болады.
Біріншіден, сессия алғаш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш Президент – Елбасы ретінде төрағалық етуімен өтеді.
Бұл оның ерекше демократиялық сипатын көрсетеді, Елбасы мен халықтың маңызды әрі қызықты сұхбаты өтеді.
Екіншіден, Ассамблея сессиясы Қазақстан халқының Елбасының стратегиялық бағытын ұстанатынын, оның саяси бағытының сабақтастығын сөзсіз растайды.
Үшіншіден, сессия елдегі жаңа саяси жағдайлардағы бірлік пен келісімді нығайтудағы заманауи бағыттар мен тәсілдерді айқындайды, елі таңдаған көшбасшы – Елбасының айналасына халықты топтастыруға қуатты серпін береді.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күннің саяси күн тәртібінде реформалар, ілгерілеу, азаматтық атсалысу алдыңғы орынға шығатынын, ал қоғамдық тұрақтылық, халықтың бірлігі мен келісімі біздің дамуымыздың іргелі басымдықтары болғанын және болып қала беретінін атап өту қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы жаңғыру мен реформалау үдерістеріне, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның базалық негіздерін нығайтуға да өз үлесін қосатынына, ал алдағы президент сайлауы тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа парағын ашатынына сенімдімін.
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Ұқсас жаңалықтар