Сайлау • 12 Сәуір, 2019

Жауапкершілікті жастар да жете түсінеді

840 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көкшетаудағы «Намыс» саяси клубында маусым айының 9-ына белгіленген Президент сайлауына байланысты пікірталас өткізілді.

Жауапкершілікті жастар да жете түсінеді
Алдымен Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуіне Қазақстан коммунистік халық партиясы Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Бейсенбай Мәжитов кеңінен тоқталып, саяси шешімді қол­дайтынын жеткізді. Маңызды оқиғаның айрықша мәні туралы пікірталасқа жиналған жастарға жан-жақты таратып айтып берді. 

Мұнан соң пікірталасқа қаты­су­­шылар сөз алды. Облыс­тық Ішкі саясат басқармасы жас­­тар ісі жөніндегі бөлімінің жетек­шісі Дамир Іргебаев Елбасы Нұрсұлтан Назар­­бае­втың дана саясатына жоғары баға бер­ді. Әсіресе биылғы жылдың Жас­тар жылы аталуының маңы­зына тоқталды. Осы орайда Жастар жылы ішінде облыс орталығында студент жастар­ға арналған бірнеше жатақ­хана салу көзделуде. Жатақ­хана­лар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемле­кеттік универ­ситетінде, А.Мырза­х­метов атын­дағы университетте, сондай-ақ төрт колледжде салынбақ. 

Бағдарлама аясында Көк­шетау қаласында 424 жас отбасы үшін 6 көп қабатты тұрғын үй бой көтеретін болады. Бұл ба­ғдар­ламаның артықшылығы, пә­тер құнының төмендігі. Жас­тар­ға жасалып жатқан жақ­сы­лық аз емес, облыста «7-20-25» тұр­­ғын үй бағдарламасы бел­сен­ді жұмыс істеуде. Қазірдің өзін­де 500-ден астам адам бас­п­ана мәселесін шешті. Бұл Тұң­ғыш Президентіміздің бес әлеу­меттік бастамасының шарапаты. Жастарды қолдау және сапа­лы білім алуға тарту үшін әр жыл сайын облыс әкімі атаулы сти­пен­дия бөлуде. 2018 жылы осындай стипендиаттар саны 275 адамға жетіп, 106,0 миллион теңге стипендия төленді. Грант иегерлерінің саны 250-ге жетті. Жастар оқу орнын аяқтағаннан кейін өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуге мол мүмкіндік тудырылып отыр. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы да жастардың өз мамандықтары бойынша лайықты жұмыс орнын табуына тамаша ықпал етуде. Биыл облысымызда «Zhas Projekt» жастар корпусын дамыту жобасы басталып отыр. Облыс бойынша үш миллиард теңгеден астам қаражатты құрайтын 850-ге жуық несие берілді. Бұл қаражаттың басым бөлігін 30 жасқа толмаған жас кәсіпкерлер алды. Осының барлығы жастарға жасалған көл-көсір жақсылық. 

Ал алдымыздағы Прези­дент сайлауынан соң Елбасы ірге­­сін қалап берген жасампаз істер жалғасын таппақ. Болашақ ел тағдырын шешетін тұлға жас­тар үшін барынша жағымды жаңалықтарды, жақсылыққа толы бастамаларды жалғастырады деп сенеміз деген пікірлер де айтылды. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік мәселелерді үйлес­тіру басқармасы бас­шысының орынбасары Шол­пан Рахматулина жас­тарды ең­бек­пен қамту мәсе­лелері қан­шалықты жүзеге асып жат­­қанына тоқталды. Биылғы Жастар жылы өңірде Нәтижелі жұмыс­пен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамыту бағ­дар­ламасы жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары жастардың жұ­мыс­сыздығы азайып келеді. Жұ­мысқа орналасқандардың 10 пайы­зы жастар. 

Пікірталас соңында жастар бірауыздан ел Президентінің Үн­деуін зор түсіністікпен қабылдап, қолдайтындықтарын жеткізді. Облыс жастарын сай­лауға қатысуға шақырды. 


Ақмола облысы