Экономика • 12 Сәуір, 2019

Көктемгі егіске дайын

1194 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақжайық өңірінің диқандары көктемгі егіске дайындалып жатыр. Облыстық ауыл шаруа­шылығы басқармасы өңірдегі егін шаруашылығымен айналысатын ұйымдармен арада жасалған меморандумға сүйеніп, биыл егіс алқабы 542,3 мың гектар болатынын хабарлады.

Көктемгі егіске дайын

Облыстық ауыл шаруашы­лығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Омашевтің айтуынша, биылғы егіс алқабы­ның көлемі 2018 жылмен салыс­тырғанда 25 мың гектарға не­месе 4,9%-ға артық екен. Нарық­тағы сұранысқа және өндірістік тиім­­ділігіне байланысты майлы дақылдар алқабы 18,2%-ға, картоп 2,4%-ға және көкөніс-бақша дақылдарының алқаптары 7,5%-ға ұлғаяды.

Жоба бойынша өңірдегі дән­ді дақылдардың алқабы 265,0 мың гектарды құрауы тиіс. Оның ішінде 76,6 мың гектар ал­­қап күздік дақылды құрайды. Егі­летін дәнді дақылдың басым­ бөлігін құрайтыны – бидай мен­ арпа, бұлар барлық дақыл түрі­нің 90 пайызы. Одан бөлек 4,4 мың гектары да бар. Майлы да­қылдар алқабы да 2018 жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға көбейіп, 64,8 мың гектар болмақ. Оның басым бөлігі күнбағыс 51,0 мың гектарға егіледі. Бұдан бөлек 10 мың гектар алқапқа картоп және көк­өніс-бақша дақылдарын егу жоспар­ланған. 

«Қазгидромет» қызметінің маман­дары биыл облыста топы­рақ­­тың жоғарғы қабатының ыл­ғалы мол деп отыр. Оның үс­тіне егістік иелері де қарап жат­пай, қыс бойы 35 мың гектар жер­де қар тоқтату жұмыстарын жүр­­гізген. Осының бәрі биылғы егін шығымы жақсы болады деген үмітті оятып отыр.

Өңірде көктемгі егісті жүр­гізу­ге қажетті тұқым қоры жет­кі­лікті. Мысалы, дәнді дақылдар үшін тұқым қоры – 105%, майлы­ дақыл­дар үшін – 102%, картоп тұқымы 100% дайын. Бұл тұ­қым­дық қордың сапасын «Қазагрэкс» АҚ және «Орал-Жер» ЖШС зертханалары тек­серіп, «егуге жарамды» деген шешім шығарған.

Биылғы көктемгі дала­лық­­ жұмыстарға Батыс Қа­зақ­стан об­лы­­сында 4215 трак­­тор, 4081 дән­сепкіш, 830 қоп­­­­­­­сыт­қыш және «Джон Дир», «Флексикойл», «Кейс», «Хорш» маркалы 47 жо­ға­ры өнім­ді егіс кешендері қаты­сады. Бүгін­де тракторлардың 97%,­­­­ дән­­­сеп­кіштердің 96%, қоп­сыт­­­­қыш­тардың 97% жұмысқа дайын. 

Көктемгі далалық жұмыс­тарды жүргізу үшін облысқа 12 мың тонна (сәуірге – 2 мың тонна, мамырға – 6 мың тонна, маусымға – 4 мың тонна) дизель отыны керек. Бұл көлем бө­лінді, жеткізуші оператор болып «Батыс Арна» ЖШС анық­талды. Дизель отынының бағасы литріне 165 теңгені құрайды.

– Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға «Кеңдала» бағ­дарламасы арқылы 291,5 млн теңге қарастырылған, бұл 7%-дық мөлшерлемемен беріле­ді. Қаржы «Аграрлық несие кор­порациясы» АҚ облыстық фи­лиалының аудандық несие серіктестіктері арқылы ауылшаруашылық та­уар өн­діру­ші 15 ұйымға берілді. Бұ­дан­ бөлек «Агробизнес» бағ­­дар­ла­ма­сы бойынша 16%-дық мөл­­шер­­лемесі бар 559 млн тең­ге қарастырылған, – дейді «Аграр­лық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының директоры Ерлан Нысанғалиев.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы­ директорының орынбасары Аман­­гелді Иманов өңірде тех­­­­­ника лизингісіне 2900 млн теңге қаралғанын, қазіргі уақытта ша­руа­шылықтар 1050 млн тең­геге 80 ­бірлік техника сатып алғанын айт­ып отыр. 

Батыс Қазақстан облысы