Бұзақылар бұғаулаусыз қалмайды
Сейсенбі, 22 мамыр 2012 7:10
Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың атына заты сай болуы үшін ондағы қоғамдық тәртіп мәселесі үнемі назарда тұруы қажеттігін, осыған орай құқық қорғау органдарына ұсақ қылмыстардың алдын алып отыруды, бұл мәселеге барынша жіті қарауды тапсырған еді. Қоғамдық орындарды ластайтын, шылым шегіп, тұқылын көрінген жерге тастайтын, тіпті шайнаған сағызын кез келген тұсқа жапсыра салатын жандардың қағыс қылығын қалт жібермеуді, шара қолдануды тапсырды.

Республика соттарына қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, адамдарға тиісу, тұрғын жайларды, көпшілік пайдалану орындарын ластау, оның ішінде коммуналдық қалдықтарды тастау, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзумен байланысты iс-әрекеттер бойынша хаттамалар көптеп түсуде. Аталмыш іс-әрекеттер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 330-бабына сәйкес ұсақ бұзақылық деп танылады. Бір айдың ішінде Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ұсақ бұзақылыққа қатысты 438 іс қаралды. Аталған құқық бұзушылық бойынша 390 адамға айыппұл салынса, 40 адам әкімшілік қамауға алынған. Мысалы, Астана қаласында құрылыс фирмаларының бірінде жұмыс істейтін бригадир гүл алаңына бөтелке лақтырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ұсақ бұзақылық үштен онға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуге немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамалуға соқтырады. Егер бiр жыл iшiнде әлгі бұзақылық қайталанатын болса, құқық бұзушы он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынады.
Істі қарау барысында әлгі балалардың қайсыбірі тәрбиесі нашар отбасыларында тәрбиеленгендігі, мектептегі оқу үлгерімі төмен болғандығы анықталған. Жарқайың ауданындағы елді мекендерінің бірінде екі 13 жастағы жасөспірім ұрлық жасаған. Олар дүкен заттарын ұрлап, сауда нүктесінің қожайынына қомақты материалдық шығын келтірген. Алайда, мұндай қылмыс жасағандарға қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап қолданылатындықтан, жасөспірімдер жазадан құтылды, бірақ олардың келтірген залалын ата-аналары өтеді.
Бұл бір емес, бұған қоса осы аталған бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тағы да 1186 адам тартылған.
АлександрТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».