Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Мектеп оқушысы Smart киіз үй ойлап тапты

1147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Робототехникадан облыстық іріктеу чемпионатына қатысушы 47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің оқушылары Шәмен Диас пен Әлібаева Жәния Smart киіз үй ойлап тапты.

Мектеп оқушысы Smart киіз үй ойлап тапты

Киіз үй роботтар көмегімен жүреді және күн, жел энергиясымен жарықтандырылған.

Ғылыми жобалар бойынша қатысушы мектеп оқушылары әжелердің ұршығын айыпбастайтын жіп иіргіш робот, желдеткіш, балама энергия көздерімен жұмыс істейтін наубайхана, шөп оратын машинаны бақылайтын ауылшаруашылық базасын ойлап тапқан. Аталған жобалардың барлығы дерлік смартфон арқылы басқарылады.