Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ
Аталған плацкарт вагондар 58 жолаушыға арналған. Вагонды жобалау кезінде кіреберіс бөлігінде жүк қоюға арналған сөрелер, жолсерікке бөлек демалыс аймағы, шағын асүй және басқару бөлімі қарастырылған.
Сондай-ақ, жоғарғы орындарға шығуға арналған жаңа үлгідегі баспалдақ орнатылған. Әр орын жеке шаммен, 220 вольттық розетка және USB және USB-C порттарымен жабдықталған. Төменгі орындардың астында екі багажды қоюға арналған арнайы орын бар. Ал орталық үстел 200 кг-ға дейінгі салмақты көтере алады.

Алғашқы отандық Stadler вагондары 2026 жылдан бастап мына бағыттарда қатынайды:
• № 3/4 «Астана – Алматы»
• № 353/354 «Астана – Семей»
• № 85/86 «Астана – Шымкент»
• № 47/48 «Астана – Атырау»
Жаңа вагондардың алғашқы легі жыл соңына дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға беріледі. Келісім аясында Stadler компаниясы өндірілген вагондарға 20 жыл бойы сервистік қызмет көрсетеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі 2030 жылға дейін 557 вагон пайдалануға берілетінін мәлімдеді.