Қазақстандық бітімгершілердің инспекциялық тексеруін Ливанға кетер алдындағы емтихан деп атауға болады. Оларға азаматтық адамдарды қорғау бойынша брифинг өткізіп, тарих, күштерді орналастыру және ЛБҰҰУК ағымды қауіп-қатер, Ливанның Қарулы Күштері мен Израильдің қорғаныс күштері, қақтығыстар тарихы, мандатты қоса алғанда миссияға қатысудың заңдық аспектілері, өзара түсіністік туралы Меморандум, миссия мен күштердің мәртебесі туралы келісім, сондай-ақ БҰҰ-ның күштеріне қойылған талаптар деген негізгі тақырыптар бойынша сынақ тапсыру қажет.
Тәжірибеде қазақстандық бітімгерлер блок-бекеттерді ұйымдастыру жұмыстары бойынша қойылған кіріспе тапсырмалармен, жауапкершілік аумағын патрульдеу, гуманитарлық жүктерді сүйемелдеу бойынша жарты жыл ішіндегі курста шыңдаған дағдыларын көрсете отырып, жергілікті жердің сұлбасын қолдану арқылы оқу-жаттығу өткізеді.
Өз кезегінде, бригадалық генерал Нагендра Сингх қазақстандық бітімгершілік контингентінің өте жақсы дайындығы үшін алғысын білдірді. Оның сөзіне сәйкес қазақстандық бітімгершілер тек өз ісінің шеберлері ғана емес, Ливан Республикасында миссияны орындау кезінде жеке басының жоғары қасиеттерін көрсете біледі.