Тілегі – тыныштық
Сейсенбі, 22 мамыр 2012 7:16
Көліктегі полиция қызметкерлерін – ел тыныштығын қорғаушыберік қорғанымыз, жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей жауапберетін адамдар деп білеміз. Олардың күнделікті тыныс-тіршілігіқауіпті де қызыққа толы сәттермен алмасып жатады.
Сейсенбі, 22 мамыр 2012 7:16
Көліктегі полиция қызметкерлерін – ел тыныштығын қорғаушыберік қорғанымыз, жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей жауапберетін адамдар деп білеміз. Олардың күнделікті тыныс-тіршілігіқауіпті де қызыққа толы сәттермен алмасып жатады.
Ақтөбе бекетіндегі ішкі істер желілік басқармасы бұдан 35 жыл бұрын, 1977 жылы бөлім болып құрылды. Осы бөлімнің алғаш кірпішін қалағандардың ішінде Сәрсенбай Қанғалиұлының еңбегі ұшан-теңіз. 50 жылға жуық уақыт бойы осы темір жол саласында аянбай еңбек етіп келеді. Қызметіне адал, сөзіне берік, ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаны таза, адамгершілігі мол Сәрсенбай ағаны кәсіби қызметкердің бейнесін қалыптастырушы деп айтуға әбден болады.
Бүгінде Ардагерлер кеңесі төрағасының Батыс өңірі бойынша орынбасары, отставкадағы милиция полковнигі Сәрсенбай Қанғалиұлы 1937 жылы 1 мамырда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Аққұдық (қазіргі Әлия) ауылында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Әкесі Ұлы Отан соғысында қаза болған. Жаңа Алексеевка мектеп-интернатында тәрбиеленіп, оны бітірісімен 1956 жылы әскер қатарына шақырылады. 1958 жылы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келіп, Ақтөбе бекетінің желілік милиция бөліміне кезекші милиционер болып жұмысқа орналасады. 1959 жылы Алматы орта арнайы милиция мектебіне күндізгі бөлімге оқуға түседі. Талантты да зерек бозбала бұл оқу орнын да үздік тәмамдап, 1961 жылы Ақтөбе бекетінің желілік милиция бөліміне қылмыстық іздестіру жөніндегі жедел уәкілі болып жұмысқа тұрады. Қайсар, көкірегі ояу жас жігітті асқақ армандары алға жетелей береді… 1989 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін Ақтөбе облыстық ІІБ алдын алу қызметінің бастығы лауазымында еңбек етті.
Жұмысына тиянақты, әріптестеріне сыйлы болуы да оның нағыз өз ісінің маманы екенін мойындата білгенінен болар. Әрдайым қолұшын беруге дайын, адамгершілік қасиеттерімен қатар қызметтегі мінсіз беделін көріп жүрген дос-жаран, туған-туыс, жерлестері оны мақтан тұтты. Туғанынан батыл да елгезек жігіт өз деңгейінің жоғары екенін, «алмас қылыштың қын түбінде көп уақыт жатпайтынын» дәлелдеп шықты. Сөйтіп, ол Ақтөбе жұртының мақтанышына айналды.
Кезінде биік лауазым иелерінен алған мақтау қағаздары мен алғыс хаттары да жеткілікті. 2010 жылы 19 ақпанда Ресей Федерациясының Көліктегі ішкі істер министрлігінің 90 жылдығында медальмен марапатталған.
Отставкадағы милиция полковнигі Сәрсенбай Қанғалиев ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған төс белгісімен марапатталды.
Ішкі істер саласына, яғни қоғам тыныштығын қалыпты түрде сақтауға бел шешкен жас ұрпақтың тәрбиелік, патриоттық рухын нығайтып, қоғам алдында асқан жауапкершілігін сезіндіріп келеді. Зейнеткерлікке, яғни еңбек демалысына шықса да үнемі ішкі істер жүйесінің қоғамдық өмірінен тысқары жүрмейтін, кейінгі буынға әрқашанда мол тәжірибесімен бөлісуден жалықпайтын Сәрсенбай аға өзі қызмет еткен департаментінен еш байланысын үзген емес. Көліктегі ішкі істер департаментінің ардагері қоғамдық өмірде белсенді болуды жөн санайды.
Назгүл БЕСПАЕВА,
Көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкері.
АҚТӨБЕ.