22 Мамыр, 2012

Тілегі – тыныштық

303 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тілегі – тыныштық

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 7:16

Көліктегі полиция қызметкерлерін – ел тыны­ш­тығын қорғаушыберік қорғанымызжолаушы­лар­дың қауіп­­сіз­ді­гіне тікелей жауапберетін адамдар деп білемізОлардың күнделікті тыныс-тіршілігіқауіпті де қызыққа толы сәттермен алмасып жатады.

 

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 7:16

Көліктегі полиция қызметкерлерін – ел тыны­ш­тығын қорғаушыберік қорғанымызжолаушы­лар­дың қауіп­­сіз­ді­гіне тікелей жауапберетін адамдар деп білемізОлардың күнделікті тыныс-тіршілігіқауіпті де қызыққа толы сәттермен алмасып жатады.

Ақтөбе бе­ке­тіндегі ішкі істер желілік бас­қармасы бұ­дан 35 жыл бұ­рын, 1977 жылы бөлім болып құрылды. Осы бөлімнің алғаш кірпішін қалаған­дар­дың ішінде Сәрсенбай Қанғалиұлының еңбегі ұшан-теңіз. 50 жылға жуық уақыт бойы осы темір жол саласында аянбай еңбек етіп келеді. Қызметіне адал, сөзіне берік, ісіне жауапкершілікпен қарай­тын, жаны таза, адамгершілігі мол Сәрсенбай ағаны кәсіби қызметкердің бейнесін қалып­тас­тырушы деп айтуға әбден болады.

Бүгінде Ардагерлер кеңесі төрағасы­ның Батыс өңірі бойынша орынбасары, от­став­­кадағы милиция полковнигі Сәрсенбай Қан­ға­ли­ұлы 1937 жылы 1 мамырда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Аққұдық (қа­зіргі Әлия) ауылында қарапайым шаруа­ның отбасында дүниеге келген. Әкесі Ұлы Отан соғысында қаза болған. Жаңа Алексеевка мектеп-интернатында тәрбиеленіп, оны біті­рі­сімен 1956 жылы әскер қатарына шақы­рылады. 1958 жылы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келіп, Ақтөбе беке­тінің желілік милиция бөліміне кезекші милиционер болып жұмысқа орналасады. 1959 жылы Алматы орта арнайы милиция мекте­біне күндізгі бөлімге оқуға түседі. Талантты да зерек бозбала бұл оқу орнын да үздік тә­мам­дап, 1961 жылы Ақтөбе бекетінің желілік милиция бөліміне қылмыстық із­дес­тіру жө­ніндегі жедел уәкілі болып жұмысқа тұрады. Қайсар, көкірегі ояу жас жігітті асқақ армандары алға жетелей береді… 1989 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін Ақтөбе облыстық ІІБ алдын алу қызметінің бастығы лауазымында еңбек етті.

Жұмысына тиянақты, әріптестеріне сыйлы болуы да оның нағыз өз ісінің маманы екенін мойындата білгенінен болар. Әр­дайым қолұшын беруге дайын, адам­гер­шілік қасиеттерімен қатар қызметтегі мінсіз беделін көріп жүрген дос-жаран, туған-туыс, жерлес­те­рі оны мақтан тұтты. Туға­ны­нан батыл да елгезек жігіт өз деңгейінің жоғары екенін, «алмас қылыштың қын түбінде көп уақыт жатпайтынын» дәлелдеп шықты. Сөйтіп, ол Ақтөбе жұртының мақтанышына айналды.

Кезінде биік лауазым иелерінен алған мақ­­тау қағаздары мен алғыс хаттары да жет­кі­лік­ті. 2010 жылы 19 ақпанда Ресей Фе­дерация­сы­ның Көліктегі ішкі істер ми­нистр­лігінің 90 жылдығында медальмен марапатталған.

Отставкадағы милиция полковнигі Сәр­сен­­­бай Қанғалиев ел тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­­ғы­на арналған төс белгісімен марапатталды.

Ішкі істер саласына, яғни қоғам ты­ныш­тығын қалыпты түрде сақтауға бел шеш­кен жас ұрпақтың тәрбиелік, патриот­тық рухын ны­ғайтып, қоғам алдында ас­қан жауап­кер­ші­лігін сезіндіріп келеді. Зей­неткерлікке, яғни еңбек демалысына шық­са да үнемі ішкі істер жүйесінің қоғамдық өмірінен тысқары жүр­мей­тін, кейінгі буынға әрқашанда мол тәжі­рибесімен бөлісуден жалықпайтын Сәрсенбай аға өзі қызмет еткен департаментінен еш байланысын үзген емес. Көліктегі ішкі істер департаментінің ардагері қоғамдық өмірде белсенді болуды жөн санайды.

Назгүл БЕСПАЕВА,

Көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкері.

АҚТӨБЕ.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20