Қазақстан • 12 Сәуір, 2019

Сайлауда 7 саяси партия кандидат ұсынуы мүмкін

1339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс презденттік сайлау елімізде ресми тіркелген 7 саяси партия өз кандидаттарын ұсынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты.

Сайлауда 7 саяси партия кандидат ұсынуы мүмкін

«Өздеріңіз білетіндей, саяси партияларды  тіркеуді Әділет министрлігі жүргізеді. Әділет министрлігінің бізге ұсынған мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта 7 саяси партия тіркелген. Бірақ, осы жерде 1,5 жылға жуық жұмыс істеп жүрмін, 7-ші саяси партия белгісіз. Хат та жөнелттік, олардан жауап келіп жатқан жоқ.  Аталған партияның өкілдерін шақырған шаралардың бірде-біріне ешкім келмеді», - деді ол. 

З.Баймолдинаның айтуынша, дөңгелек үстел, баспасөз мәслихаты, брифинг, ғылыми-тәжірибелік конференция сынды барлық түрлі шараларға  белсене қатысатын 6 саяси партия бар.   Олар: «Nur Otan», Ақ жол, Қазақстан коммунистік халық партиясы,  Бірлік, Ауыл, және Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

«Қанша республикалық қоғамдық бірлестік  бар екендігі туралы ақпаратты еш уақытта сұратпаймыз. Бұл Әділет органдарының құзіретіне жатады. Қазіргі уақытта олар ел президенттігіне кандидат ұсына алатын болғандықтан кейін ғана назарымызды аудартып отыр. Егер республикалық қоғамдық ұйымдар кандидатын ұсынатын болса, онда біз олармен де жұмыс істейміз», - деді ҚР ОСК мүшесі.