Қазақстан • 12 Сәуір, 2019

Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту жарияланды

1403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күннің күрт жылынуы ықтималдығына байланысты Алматының таулы аумақтарында қар көшкіні жүру қаупі бар. Осыған орай, тұрғындар мен қала қонақтарына тау бөктеріне шығуға қатаң тыйым салынды.

Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту жарияланды

«Қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жылымықтың әсеріне байланысты Үлкен Алматы (2500 метр биіктікте) және Кіші Алматы (2100 метр биіктікте) су алаптарында 13-15 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», – делінген арнайы хабарламада.

Қар көшкіні тау беткейінен жылжитын қар массасы. Табиғаттың бұл тосын мінезі 15 градустан көп, қар қалыңдығы 30-35 сантиметрден асатын таулы аудандарға тән.