22 Мамыр, 2012

Үкім шығарылды

635 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Үкім шығарылды

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 7:26

Кеше, 21 мамырда Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 17желтоқсанында Шетпе стансасында орын алған жаппайтәртіпсіздік фактілеріне қатысты қыл­мыс­тық іс бойыншаҚазақстан Республикасы Қыл­мыс­тық кодексінің 241-бабының 1, 2, 3 бөліктерінде, 299-бабының 1-бөлігінде, 321-бабының 2-бөлігіндеқа­рал­ған қылмыстарды жасады деп айыпталған 12 адамғақатысты үкім оқылды.

 

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 7:26

Кеше, 21 мамырда Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 17желтоқсанында Шетпе стансасында орын алған жаппайтәртіпсіздік фактілеріне қатысты қыл­мыс­тық іс бойыншаҚазақстан Республикасы Қыл­мыс­тық кодексінің 241-бабының 1, 2, 3 бөліктерінде, 299-бабының 1-бөлігінде, 321-бабының 2-бөлігіндеқа­рал­ған қылмыстарды жасады деп айыпталған 12 адамғақатысты үкім оқылды.

Аталған қылмыстық іске қатысты сот отырысы процескеқатысушылардыңзардап шеккендердің туыс-ту­ған­дарыныңБАҚөкілдерініңхалықаралық және рес­пуб­ли­калық байқаушылардыңқатысуымен ашық режімде өтті.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтауда өтіп жат­қан сот отырысыныңжұмы­сы­на қатысты ойларын біл­діруді бір топ белгілі тұл­ға­лардансұраған едік.

«Еур­а­зиялық құқық қорғау ор­та­лығы» қоғамдық қорының төрайымыЕңлік  Нұрғалиева:

– Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты республикалық қоғам­дық комиссия құрылған болатын. Сол комиссия мүшесі ре­тінде мен Ақтау қаласында бір­неше мәрте болдым. Жаңаөзен қаласына да барып, ондағы жұ­мыскерлермен кездестім. Жа­ңа­өзендегі қайғылы оқиғаға қа­тыс­қан балалардың ата-аналарымен жолығып, тіпті кейбір қатысушылармен де кездестім. Осы қоғамдық комиссияның төрағасы Ө.Озғанбаев және елі­міз­дің түкпір-түкпірінен келген түрлі мамандық иелері, саясаткерлер, ғалымдар бар бәріміз, аталған мәселе бойынша көп­те­ген жұмыстар атқардық. Соның арқасында Жаңаөзен оқиғасына қатысты деген күдікпен жүрген 33 адам  жауапкершіліктен босатылды. Мұның өзі үлкен жетістік екені сөзсіз.

Сонымен қатар, құқық қор­ғау органдары қызметкерлері­мен де кездесіп, олардың жұ­мы­сында кемшіліктер болса, көрсеттік. Енді қазіргі Ақтауда өтіп жатқан сот процесіне атал­ған комиссия мүшелері қаты­сып отыр. Ол сот барысы ашық, әділ өтіп жатыр. Оған қандай да болсын адамдар кіре алады, кімге болса да қатысуға толық мүмкіндік бар. Жәбірленгендер мен жәбірлеушілердің ата-аналары, туыстары, қоғамдық ұй­ымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері, халықаралық сарапшылар қатысып жүр. Бірде бір адамға қатысуға шектеу қойылмаған. Демек, менің ойымша бұл сот талапқа сай ашық өтуде.

 

«Әлеуметтік әріптестік орталығы» қоғам­дық қо­ры­ның төрағасы Әлі­бек Байнешов:

– Бүгінгі өткен сот отырысында он екі айыпталушыға қатысты шешім шықты. Атал­ған сот процесіне өзім қатысып отыруыма байланысты айтарым, сот барысы ашық өтуде. Негізгі залда бейнекамералар орнатылған. Мұнда сот процесі өтіп жатқан залдан басқа 50 адамға арналған қосымша зал ашылған. Сол сияқты бұқара­лық ақпарат құралдары мен блогерлерге арналып арнайы зал жабдықталған. Олар негізгі залдан процесті экраннан онлайн режімінде тікелей көріп, бәріне куә болып отыр.

Ал осы сот процесіне қаты­самын деген кез келген адамға толық мүмкіндік бар. Та­раптардың ата-аналары, туыс­қандары, бұқаралық ақпарат құ­ралдарының өкілде­рі, сарапшылар бәрі емін-еркін қатысып отыр. Мұнда тіпті кейбір сот процестеріне Еуроодақ өкіл­де­рі, халықаралық құқық қорғау­шы­лар  да қатысып жүргені бар­шаға белгілі. Қазір мұнда өтіп жатқан сот Шетпедегі жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар­ға, яғни жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар мен билік өкілдеріне қарсылық білдіруге байланысты болып отыр. Сот осының бәрінің анық-қанығына жету үшін ашық та әділ өтуде деп білемін.

 

«Азаматтық альянс» ода­ғы Маңғыстау облыстық фи­лиалының төрайымы Жақ­сы­гүл МАХАМБЕТОВА:

– Қай адам туысының, не ба­ласының сотталғанын қа­лайды дейсіз? Жаңаөзен және Шет­пе­дегі тәртіпсіздіктерге бай­ланысты сот процесі бас­тал­ғалы бері өңір жұртшылығы жазық­сыз азаматтар сотталмаса екен, аз-кем қателігі болса, мемлекет тарапынан кешірім жасалса екен деген тілектің үс­тінде еді. Сол себептен соттың өту барысын жіті қадағалап келеді. Сот­талушылардың ағай­ын-туыс­та­ры, қазақстандық және шетел­дік қоғамдық ұйымдар өкілдері де, тіпті еліміздегі АҚШ, Ұлы­британия секілді елдердің ел­ші­лері де сот процесінің ашық, әрі заң талабына сәйкес өтуін бақылауда. Сот отырыстарына қатысқысы келгендердің бар­лы­ғына да қатысуға мүмкіндік жасалды. Бүгін міне, Шетпедегі оқиғаға байланысты соттың заң талаптарына сәйкес үкім шы­ғар­ғанына куә болдық.

Бұл соттың алдын-ала тергеуде айып тағылғандардың басым көпшілігі, яғни, жеті азамат ақталып, сот залынан босатылды. Бұлардың барлығына да Ел Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғы­на байланысты рақымшылық жасалды. Бір-бір отбасының ті­регі бола алатын  атпал азамат­тар­дың сот залынан босатылуы олардың отбасыларындағы адам­дардың жүрегінде сенімнің үмітін оятты. Мемлекет өз аза­маттарының құқығы тапталма­ға­нын, кішігірім қателіктерін тү­зетуіне мүмкіндік беруді қа­лай­ды. Бүгін соған көзіміз жетті.

Маңғыстау облысы.

__________________

Маңғыстау облыстық соты­ның мәліметтері бойынша Ақ­тау қалалық сотының үкімімен Ж.Е.Мырзатаев ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 2, 3-бөліктерінде қарастырылған қылмыстарды жасағаны дәлелденбеуіне байланысты ақталды, оған қатысты «ешқайда шықпау және тиесілі мінез-құлқы туралы қолхат» тү­ріндегі жазаның күші жойылды.

Б.Ж.Жылқышиев ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 3-бөлігінде қарас­тырылған қылмыстарды жаса­ғаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл­ға бас бостандығынан айыру тү­рінде жаза тағайындалды. «ҚР мемлекеттік Тәуелсізді­гі­нің 20 жылдығына орай рақым­шылық жасау туралы» ҚР За­ңының 4-бабына сәйкес Б.­Ж.Жыл­қы­шиев жазадан босатылды. Оған қатысты «Тұтқындау» жаза­сы­ның күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.

Д.Е.Сәдіғұлов ҚР ҚК-нің 241-бабының  1-бөлігінде қа­рас­­ты­рылған қылмыстарды жа­­са­ғаны дәлелденбеуіне байланысты ақталды, ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл бас бостан­дығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мемлекет­тік Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Д.Е.Сәдіғұлов жазадан босатылды. Оған қатысты «Тұт­­қындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.

А.Б.Төлеев ҚР ҚК-нің 241-бабының 3-бөлігінде қа­рас­­­­тырылған қылмыстарды жаса­ғаны дәлелденбеуіне байланыс­ты ақталды, ҚР ҚК-нің  299-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл бас бос­тандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мем­ле­кеттік Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Төлеев А.Б. жазадан босатылды. Оған қатысты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.

К.И.Төлеуов ҚР ҚК-нің 241-бабының 3-бөлігінде қа­рас­тырылған қылмыстарды жаса­ға­ны дәлелденбеуіне байланыс­ты ақталды, ҚР ҚК-нің  299-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл бас бос­тандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мем­лекеттік Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес К.И.Төлеуов жазадан босатылды. Оған қа­тысты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.

Е.К.Дұрысбаев ҚР ҚК-нің 241-бабының 3-бөлігінде қарас­ты­рылған қылмыстарды жаса­ғаны дәлелденбеуіне байланыс­ты ақталды, ҚР ҚК-нің  299-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл бас бостан­дығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мемлекет­тік Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Е.К.Дұрысбаев жазадан босатылды. Оған қатысты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.

А.Ж.Адиев ҚР ҚК-нің 241-бабының 3-бөлігінде қарас­тырылған қылмыстарды жаса­ғаны дәлелденбеуіне байланыс­ты ақталды, ҚР ҚК-нің  299-­бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол бойынша оған 2 жыл бас бостан­дығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. «ҚР мемлекет­тік Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғы­на орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Адиев А.Ж. жазадан бос­а­тылды. Оған қатысты «Тұт­қындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.

К.Ермаханұлы ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 2-бөлігінде қарас­тырылған қылмыстарды жаса­ғаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған 3 жылға бас бостандығынан айыру тү­рінде жаза тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес таға­йын­далған жаза 2 жыл сынақ мерзімімен шартты. Оған қа­тыс­ты «Тұтқындау» жазасының күші жойылып, ол сот отырысы залында қамаудан босатылды.

Н.Е.Сабырбаев ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 2-бөлігінде қарас­тырылған қылмыстарды жаса­ғаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған жалпы режімдегі колонияда 4 жылға бас бостандығынан айыру тү­рін­де жаза тағайындалды.

Е.Р.Мамбетов ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 1-бөлігінде қарас­тырылған қылмыстарды жаса­ғаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған жалпы режімдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру тү­рінде жаза тағайындалды.

Г.К.Бақытжан ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 1-бөлігінде қарас­тырылған қылмыстарды жаса­ғаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған жалпы режімдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру тү­рін­де жаза тағайындалды.

К.О.Авезов ҚР ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігінде және 241-бабының 1-бөлігінде қарас­ты­рылған қылмыстарды жаса­ғаны үшін айыпты деп танылып, ол бойынша оған жалпы режімдегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айыру тү­рінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және тараптардың 15 күн ішінде Маңғыстау облыстық со­тының апелляциялық сот алқасына шағым айтуларына немесе наразылық білдіруле­ріне болады.