Жаңа жылжымалы состав Евро-5 экологиялық стандартына сай және кондиционер, бейнебақылау камерасы сынды құралдармен жабдықталған. Қалада жыл басынан бері қарай №65, №60, №14 ең тығыз бағыттар бойынша 125 жаңа автобус жолаушы тасымалдауда.
Айта кетерлігі, шаһарда автобус паркінің 80%-ға жаңаруына қолма-қол ақысыз төлем жасайтын «Оңай» жүйесін енгізудің ықпалы тиген. Егер бұрындары автопарктер бюджет қаржысы есебінен жаңарса, ал қазір тасымалдаушылар өз қаржыларын инвестициялауға мүкіндік беретін ашық нарықтық механизмді ұтымды қолдануда.
Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жыл ішінде ғана қаланың автобус паркі 80%-дан астамға жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі стансасының құрылысы жалғасуда және LRT қолға алынды.
«15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу басталады, қаланың 14 ықшам ауданындағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады деп күтілуде. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен бағыт қозғалысына кері әсерін тигізбейді. Кептелісті болдырмау үшін жолды толық жабу тек түн мезгілінде ғана жүргізіледі», – дейді Мобильділік басқармасының мамандары.
АЛМАТЫ