Білім мен білікті саралау
Сейсенбі, 29 мамыр 2012 7:47
Елбасының биылғы Жолдауында назарға алынған басты 10 бағыттың бірі – құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс қайта аттестаттаудан өткізу мәселесі. Осы игі істің орындалуын нақтылау мақсатында Президенттің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығы шықты.

Жолдауда көрсетілген іс-шараларды уақытылы өз деңгейінде жүзеге асыру барысында, көптеген кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда қайта аттестаттаудан өткізудің мақсаты мен тәртібі барлық сатыдағы құқық қорғау органдары жеке құрамына толығымен таныстырылып, хабардар етілді. Бұл жасалып жатқан кешенді шараның мақсаты құқық қорғаушылардың білімі мен біліктілігін саралап, қандай дәрежеде екендігіне көз жеткізу.
Халықтың құқығы мен бостандығын қорғау жолында қызмет атқаратын құқық қорғаушылардың білім сапасының жоғары болуы – азаматтардың құқықтарының өз деңгейінде қорғалуына кепілдік береді. Ата Заңымыздың 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары», делінген. Ендеше еліміздің қымбат қазынасы болып табылатын адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін, құқық қорғау органдарында оларға қойылатын талаптарға сай білімді де, білікті мамандар қызмет атқару тиіс.
Ақбұлан САЛБЕКҰЛЫ, Қорғалжын аудандық прокуратурасының қызметкері.
Ақмола облысы.