Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Қытай-Еуропа-Қытай бағдары бойынша контейнерлік тасымал көлемі 61% артты

860 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылы Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағдары бойынша шамамен 300 мың контейнер тасымалданса, бұл 2017 жылға қарағанда 61% көп. Осылайша, толықтай алғанда Қазақстан аумағы арқылы тасымалданған жүк көлемі 10% артты және 2018 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 18 млн тоннаны құрады деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Қытай-Еуропа-Қытай бағдары бойынша  контейнерлік тасымал көлемі 61% артты

Алматы қаласында Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі төртінші бірлескен жұмыс тобының отырысы болып өтті. Шараға Қазақстан, Қытай, Беларусь, Германия, Моңғолия, Польша және Ресей теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. Тараптар 2018 жылдағы Қытай-Еуропа бағдары бойынша тасымалды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс қорытындысын шығарды және ағымдағы жылдағы контейнерлік тасымалды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жоспарын талқылады.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқар Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Алмағамбетов отырыс қатысушыларына Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал көлемін арттыру бойынша Компания қабылдап жатқан шаралар туралы ақпарат бере кетті.

«Контейнерлік жүк ағынының артуы біздерді тасымалды ұйымдастыруда жаңа технологияларды іздеуге мәжбүрлеуде. Біз қазір оптималды құрастыру схемасын қолдана отырып контейнерлік пойыздарды біріктіру тәсілі бойынша жұмыс істеудеміз», деді Қ. Әлмағамбетов.

 

Шартты ұзындығы 80 жететін және одан да көп вагонды ұзын құрамды контейнерлік пойыздар жөнелту технологиясы енгізілді. Бұл учаскелердің өткізу қабілетін артырып, локомотив паркі, жылжымалы құрам, инфрақұрылым әлеуетін айтарлықтай тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

Контейнерлік ағынның негізгі бөлігі Қарталы-1 мемлекетаралық түйісу пункті арқылы баламалы бағдарларға қайта бағытталды, бұл контейнерлік сервис сапасына оң ықпал етті.

«Біздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды ары қарай дамыту үшін контейнерлік пойыздарды, соның ішінде жүк ағынының артуы үшін ең бір оңтайлы жағдайлар жасалды», деп атап көрсетті Қытай темір жолдары бас директорының орынбасары Ли Вэнсинь.

Отырыс қорытындысы бойынша Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздармен тасымалдау жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының Рәсім ережелері бекітілді. Қатысушылар клиенттерге кешенді қызмет көрсету есебінен теміржол тасымалы тартымдылығын арттыру мақсатында өнімдер мен сандық сервистерді бірлесе құру жөніндегі жұмысты белсендіруге уағдаласты.

2019 жылдың ақпанында «Самұрық-Қазына» АҚ Қор және портфельдік компаниялар басшыларының қатысуымен трансформация бағдарламасын жүзеге асыру және оларды дамыту бойынша кеңес өткізілгендігін қаперге сала кетейік. Кеңесу барысында Қор Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов трансформация арқылы әрбір компанияның кірісін арттыратын жаңа қадамдарды әзірлеуді тапсырды.