Аймақтар • 13 Сәуір, 2019

Елорданың су тасқынына қарсы жағдайы бақылауда

921 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайларды алдын алу мен жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне енетін ұйымдардан ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында гидрометеорологиялық және гидрологиялық ақпаратпен алмасу жолға қойылған деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың су тасқынына қарсы жағдайы бақылауда

Су тасқынына қарсы шаралар аясында «Астана-Тазалық» ЖШС Майбалық көлінен «Нұра-Есіл» каналына дейінгі қолданыстағы арнаны тазарту бойынша жұмыстар аяқталды.  

Ильинка ауданындағы Кіші Талдыкөл көліне құятын құбырлар мен бөгеттерге түгендеу жүргізілді. Жоғарыда көрсетілген учаскелерде ұзындығы 200 метр бөгеттер мен Ауған Кварталы ауданындағы ұзындығы 600 метр бөгет нығайтылды. Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы ауданында Есіл өзенінің суын өткізу жұмыстарын жүргізді. 

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың бірі - қар тазалау. Осы маусымда 2 985 000 текше метр қар шығарылды. Бүгінгі күні қар шығару жұмыстары аяқталды.  Қалалық су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Нұр-Сұлтан гарнизонының күшімен қала көшелерінен еріген суды тартып шығару жұмыстары жүргізілуде.