Қазақстан Елшісі Э. Макронды Қазақстанда алдағы президенттік сайлау туралы хабардар етіп, оған Қазақстан басшылығынан сәлемдеме сөздерін жолдады.
Өз кезегінде, Франция Президенті біздің елдеріміз арасындағы қарқынды дамып келе жатқан қарым-қатынастарды және 2018 жылғы қазанда Брюссельде өткен АСЕМ Саммитінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жемісті кездесуін атап өтті. Э. Макрон Қазақстан Н.Назарбаевға өзінің шексіз құрметін баса айтып, денсаулық пен амандық тілей отырып, оған өзінің жылы лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ, Франция көшбасшысы Қазақстанға жаңа кезеңде сәттілік тілеп, жоғары деңгейде тиімді диалогты жалғастыруға ниет білдірді.