Аймақтар • 14 Сәуір, 2019

Нұр-Сұлтанда Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады

899 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жөндеу жұмыстарына байланысты Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Нұр-Сұлтанда Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады

«15 сәуір сағат 13.00-ден бастап 30 маусым аралығында, инженерлік желілерді қайта жаңарту және салу жұмыстарының жүруіне байланысты Күмісбеков көшесіндегі, Абай көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі аумақта көліктің барлық түрлеріне жол жабылатынын хабарлайды. Осыған байланысты сіздерден алдын ала бағыттарыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз», - делінген басқарма хабарламасында.