Президент • 14 Сәуір, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

1194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Ташкент қаласына мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылмақ. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.