Қылмыстық ахуал қалыпты
Сәрсенбі, 6 маусым 2012 7:06
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алужөніндегі комитеті 2012 жылдың 5 айында елдегі тіркелген қылмысдеңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 78,0%, оныңішінде ауыр қылмыс 27,0 % өскендігін хабарлады.
Оның сыры бұрын есептен неғұрлым көбірек жасырылатын қылмыс түрлерінің көрсеткіші енді нақты қосылған көрінеді. Мәселен, ұрлық – 102,6% (34 775-тен 70 454-ке), бұзақылық – 127,2% (2 851-ден 6 478), алаяқтық – 88,2% (4 415-тен 8 309-ға), тонау – 48,2% (5 855-тен 8 677-ге) өскендігі ескерілген. Сөйтіп, қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстардың 83%-ын құрайды. Оның ішінде аса ауыр қылмыс түрлері 1,3%, ауыр – 11,7%, ауырлығы орташа 79,2%, аса ауыр емес 7,8% болып отыр. Еліміздің барлық аймақтарында қылмыстың мұндай өсу деңгейін биылдан бастап құқық қорғау органдарында арыз бен өтініштердің барлық түрін бірыңғай тіркеудің енгізілуімен, сондай-ақ қылмыстарды, оның ішінде орташа және жеңіл қылмыстарды ашудағы көрсеткіш қуу үрдісінен бас тартумен түсіндіруге болады.
Жалпы еліміздегі қылмыстылық ахуалы қалыпты деуге болады. Өйткені ауыр қылмыстар деңгейі 2,8%, кісі өлтіру 3,6% төмендеді. Сөйтіп, тіркеудің ашықтығы мен қылмыстың ашылу көрсеткішін көтермелеуге мүдделіліктің жоқтығы қылмыстарды тіркеудің нақтылығын қамтамасыз етті, деп хабарлады Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.