Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келді.Мемлекет басшысын Ташкент әуежайында осы елдің Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Cыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бастаған делегация қарсы алды.

Сапар аясында екі ел президенттері Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёевтің шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізуі, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына қатысуы жоспарланған.
Қазақстан Орталық Азиядағы бауырлас мемлекеттердің өзара байланыстарының тек ізгілік жолымен өрістеуіне күш салып, оны өзінің сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі ретінде қарастырып келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағыттағы барлық қадамдары мен бастамалары Орталық Азия елдерінің саяси-экономикалық байланыстарының дамуына, тараптар арасында өзара келісімнің салтанат құруына, кейбір кездескен түйткілдердің дер кезінде оңтайлы шешілуіне зор ықпалын тигізді. Міне, өзінің жоғары нәтижесін көрсеткен осындай игілікті істерге ұйытқы болуды Қазақстан алдағы уақытта да жалғастыра түспек. Осы орайда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырған аталған дәстүрлі жолды әрі қарай жалғай беретінін ә дегеннен нақты іспен көрсетіп келе жатқанын айрықша атап өтуге болады.
Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті сақтауда, сауда-экономикалық байланысты өрістетуде, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен басқа да салалар бойынша әріптестіктің тынысын ашуда Қазақстан мен Өзбекстан негізгі рөл атқаратыны талассыз. Бұл өз кезегінде Қ.Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде сырт елдерге екінші сапарын Өзбекстанға арнауының шын мәнінде аса маңызды екенін аңғартады.
Қазақстан мен Өзбекстанды тек қазіргі ортақ мүдделер ғана байланыстырып отырған жоқ. Екі елдің ынтымақтастығының негізі бауырластықта, ортақ тарихта, мәдени-рухани тұрғыдағы жақындықта жатыр.
Өзара ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық негізі – 1998 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарт және 2013 жылғы 14 маусымда бекітілген Стратегиялық әріптестік туралы келісім.
Былтыр Өзбекстанның Қазақстандағы жылы өте табысты өтті. Енді Қазақстанның Өзбекстандағы жылы ашылмақ. Бұл айтулы шаралар екі елдің саяси ерік-жігерінің жоғары екенін көрсетеді. Сондай-ақ мәдени-рухани шаралар кең ауқымды екіжақты ынтымақтастықты туыстық, тату көршілік, өзара сыйластық үрдістер ерекшелеп тұрғанын айғақтайды.
Айта кетейік, Қазақстанның Өзбекстандағы жылының аясында сыртқы саясат, сауда, мәдениет, туризм, спорт және көлік салалары бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр. Әрине, еліміздің Өзбекстандағы жылы барысында мәдени-гуманитарлық бағыттағы бағдарламаларға маңыз беріледі.
Саясат • Кеше
Коронавирус қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус • Кеше
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Тұтылып тұрып, құтылып кеткені қалай?!
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Өнер • Кеше
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Экология • Кеше
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Күрес • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты
Қоғам • Кеше
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Аймақтар • Кеше
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Коронавирус • Кеше
Президент стрестік активтер нарығын дамыту бойынша заңға қол қойды
Президент • Кеше
Президент волонтерлік қызмет туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
Аймақтар • Кеше
Елордада туристік ақпараттық орталық ашылады
Туризм • Кеше
Олжас Сыдықбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы анықталды
Әдебиет • Кеше
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Кеше
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар